ка

Әли Ахмедов қарсыласын 44 секунд ішінде нокаутқа жіберді – видео

06.10.2019 09:28
0
0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Қазақстандық боксшы он алтыншы жеңісіне қол жеткізіп, WBC International Silver титулын қорғап қалды

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов АҚШ-та кәсіпқой рингте он алтыншы жекпе-жегін өткізді.

Ахмедов америкалық Эндрю Эрнандеспен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек 12 раундқа есептелсе де, бар болғаны 44 секундқа созылды. Айқасты белсенді бастаған қазақ боксшысының бірнеше соққысы қарсыласына дөп тиді. Рингтегі төреші Эрнандес тарапының қарсылығына қарамастан, жекпе-жекті тоқтатуды ұйғарды.

Осылайша Әли Ахмедов он алтыншы жеңісіне қол жеткізіп, WBC International Silver титулын қорғап қалды.

Ал америкалық боксшы сегізінші жеңілістің дәмін татты.

Жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында бокс кеші аясында өтті. Кештің басты айқасы – қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергея Деревянченко арасындағы жекпе-жек.

Жекпе-жекті "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарынан тікелей эфирде көруге болады.


sputniknews.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий