25 миллион қаржыны жымқырғандар бостандықта жүр

0

Т25 млн субсидия ұрлаған шенеуніктер Қызылорда облысында бостандықта жүр, деп хабарлайды Kznews.kz сайты Kaztag.kz порталына сілтеме жасап.

«Сот облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы мен бас маманды кінәлі деп тауып, екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Екеуі де мемлекеттік ұйымдарда қызмет атқару және үш жылға материалдық-қаржылық құжаттарға қол қою құқығымен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылды»,-деп хабарлады сейсенбіде қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМҚ) баспасөз қызметі.

Іс инвестициялық субсидиялар қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру және ұрлау фактісі бойынша тергелді. Лауазымды тұлғалар жұмыс жүргізілмеген және жабдық орнатылмаған бірқатар шаруа қожалықтары бойынша атқарылған жұмыстар туралы құжаттарды толтырды, содан кейін ЭЦҚ актілерін куәландырып, оларды Qoldau.kz ақпараттық бағдарламаға енгізген,  кейін Т25 миллион көлемінде мемлекеттік қаражатты қалталарына басқан.

«Келтірілген залалды қылмыстық іске қатысушылар толығымен өтеді», — деп нақтылады ҚМҚ.

Фото: inbusiness.kz