Әл-Фарабидегі 3 адамның өліміне әкелген жол апаты: прокурор Zeekr жүргізушісін 10 жылға соттауды сұрады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Абай Бегейдің жары Шымкентте боқтық сөз айтқаны үшін кешірім сұрады

Абай Бегейдің жары Шымкентте боқтық сөз айтқаны үшін кешірім сұрады
Фото: әлеуметтік желіден

Әнші Абай Бегейдің жары Фариза Жұманова әлеуметтік желіде ашу үстінде жазған жазбалары үшін көпшіліктен кешірім сұрады, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Оның айтуынша, оқиға кезінде қатты эмоцияға беріліп, шок жағдайында жазылған сөздер кейін түсінбеушілік тудырған. Фариза Жұманова бұл әрекеті саналы түрде емес, қорқыныш пен күйзелістің әсерінен болғанын атап өтті.

«Қатты эмоцияға беріліп, бір өлім аузынан қалған сәтте айтқан сөздерім үшін кешірім сұраймын. Ол кезде шынымен қатты шошып, ашуға беріліп жазып жіберген едім. Түсіністік танытып, кешіріммен қарауларыңызды сұраймын», – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін ол жеке парақшасында Шымкент қаласындағы көлік жүргізушісіне қатысты жазба жариялап, жол-көлік оқиғасы бола жаздағанын айтқан еді. Бұл жазба әлеуметтік желіде кең тарап, түрлі пікір тудырған болатын.

Осы жағдайға байланысты ол кейіннен өз сөздері үшін көпшіліктен кешірім сұрауға мәжбүр болды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.