Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялап, жары Жадыраның анасын сағынышпен еске алды, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесінің айтуынша, жұбайының анасынан айырылғанына жеті ай уақыт өтсе де, бұл қайғының салмағы жеңілдемеген. Керісінше, уақыт өткен сайын анаға деген сағыныш пен жүректегі мұң тереңдей түскен.
«Анасынан айырылған күнді сағатына, минутына дейін ұмытқан емес. Жеті айдан бері солай. Жан-жарымның жүрегіндегі ауыр қайғы әлі де сейілмей тұр», – деп жазды әнші.
Нұрғали Нүсіпжанов ата-анадан айырылу адам өміріндегі ең ауыр сынақтардың бірі екенін атап өтіп, мұндай қасіреттің орнын ешнәрсе толтыра алмайтынын жеткізді. Оның сөзінше, анаға деген сағыныш жылдар өтсе де бәсеңдемейді.
Өнер иесі жазбасында жұбайының жан тебірентерлік ойларымен де бөлісіп, ата-ананың қадірін олардың орнын ешкім баса алмайтынын айтқан. Ол өмірден өткен ананың отбасы үшін орны ерекше болғанын атап өтті.
Жүрекке әсер еткен жазба әлеуметтік желі қолданушыларының көңілін толқытып, көпшілік марқұмның рухына дұға бағыштап, отбасы мүшелеріне сабыр мен төзім тіледі. Оқырмандардың көпшілігі ата-ананың қадірін тірісінде бағалаудың маңызын айтып, жылы лебіздерін қалдырған.