Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі Астанада өтеді – БАҚ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Абай облысында жүргізуші куәлігін заңсыз берген арнайы ХҚКО қызметкерлері ұсталды

Абай облысында жүргізуші куәлігін заңсыз берген арнайы ХҚКО қызметкерлері ұсталды
Фото Informburo.kz

Абай облысында жүргізуші куәлігін заңсыз алу схемасы анықталып, арнайы ХҚКО-ның лауазымды тұлғалары ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Облыс прокуратурасының мәліметінше, заңсыз әрекеттер қадағалау органының тапсырмасы бойынша жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде әшкереленген.

Тергеу нұсқасына сәйкес, арнайы ХҚКО қызметкерлері азаматтардан жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық және практикалық емтихандардан сәтті өткізіп береміз деген желеумен заңсыз ақша алған.

Тергеу барысында арнайы ХҚКО-ның жекелеген қызметкерлері сенімді адамдар арқылы жүргізуші куәлігін ақшаға алуға мүдделі азаматтарды іздестіргені анықталған.

Сонымен қатар заңсыз схемаға делдалдар да тартылған. Олар үміткерлерге алдын ала нұсқаулық өткізіп, теориялық емтихан кезінде жауаптарды алуға мүмкіндік беретін арнайы техникалық құралдармен қамтамасыз еткен. Аталған құрылғылар тәркіленіп, заттай дәлел ретінде тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Абай облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері арнайы ХҚКО-ның лауазымды тұлғаларын ұстады.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын және заңсыз схемаға қатысы болуы мүмкін басқа тұлғаларды анықтау мақсатында тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Прокуратура өкілдері пара беру, пара алу және мемлекеттік қызметтерді заңсыз жолмен алу әрекеттері қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.