21 жастағы жігіттің мәйіті көлігінің жүксалғышынан табылды

0

Қырғызстанның Нооқат ауданында 21 жастағы жігіттің мәйіті өз көлігінің жүксалғышынан табылды, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан.

Ош облысы ішкі істер басқармасының хабарлауынша, 23 мамырда милицияға Алашан ауылының 38 жастағы тұрғыны інісінің жоғалғаны туралы хабарлаған. Ол 21 мамырда күндіз Daewoo Lacetti көлігімен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Милиция Көк-Жар ауылындағы шайхананың ауласынан жігіттің көлігін тапты. Ал жігіттің денесі көліктің жүк салғышынан табылды. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері бар. Осыған орай, тиісті сараптама тағайындалды.

Қылмыс жасады деген күдікпен Көк-Жар ауылының 17 және 20 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.