Jah Khalib, құлыптаулы телефондар және жабық афтерпати: Назарбаев Астанада ұлын үйлендірді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

IMD World Competitiveness - 2026: Қырықтың бірі - Қазақстан

IMD World Competitiveness - 2026: Қырықтың бірі - Қазақстан
Фото: zakon.kz

Еліміздің экономикасы әлемдегі бәсекеге ең қабілетті 40 экономиканың қатарына қосылды. Бұл туралы "IMD World Competitiveness - 2026" рейтингі жарияланғаннан кейін белгілі болды.

Аталған рейтинг бойынша Қазақстан 65,4 балл жинап, 38-орынға орналасыпты. Осылайша, тарихта тұңғыш рет еліміздің рейтингте Испания мен Португалиядан ат оздырып, сатылай жоғарылаған. Ал Қазақстан ТМД елдері арасында әлемнің үздік 40 экономикасының қатарына жеке дара кірді.

Айтпақшы, IMD World Competitiveness Ranking дегеніміз әлем елдерінің экономикалық бәсекеге қабілеттілігін бағалайтын халықаралық рейтинг екен. Салыстырмалы сараптаманы Швейцариядағы IMD Business School жыл сайын жариялайды.

Рейтингте елдің тек ЖІӨ көлемі емес, экономиканың тиімді жұмыс істеуі мен бизнес жүргізу жағдайы бағаланады. Яғни, бұл рейтинг тек экономиканың көлемін немесе жалпы ішкі өнімді бағаламайды екен. IMD сарапшылары елдердің экономикалық көрсеткіштерімен қатар, мемлекеттік басқарудың тиімділігін, бизнеске жасалған жағдайды, инфрақұрылымның даму деңгейін және экономиканың сыртқы бәсекеге қабілеттілігін кешенді түрде саралайды.

Бақсақ, биылғы рейтингтің көшін Сингапур бастаған көрінеді. Одан кейін Гонконг пен Швейцария орналасқан. Тізімде АҚШ 10-орында, Қытай 12-орында, Германия 23-орында, Жапония 30-орында тұр. 

Жалпы, Қазақстанның 38-орынға орналасуы Орталық Азия үшін де маңызды нәтиже. Өйткені, еліміз ТМД мемлекеттері арасында үздік 40 елдің қатарына енген жалғыз ел болды.

Қазақстанның алдында, атап айтқанда, Норвегия, Австралия, Катар, Оңтүстік Корея секілді экономикалар тұрса, одан кейін Испания, Португалия және басқа мемлекеттер орналасқан.

Дегенмен, бұл көрсеткішті Қазақстан экономикасының барлық мәселесі шешілді деген белгі ретінде қабылдауға болмайды. Рейтингтің жоғарылауы елдің институционалдық ортасы, бизнес ахуалы мен экономикалық тұрақтылығы бойынша халықаралық бағалаудың жақсарғанын көрсетеді. Ал оның нақты экономикалық нәтижеге қаншалықты айналатыны инвестиция, өнімділік, халықтың табысы және экономиканы әртараптандыру қарқынына байланысты.

Қысқасы, Қазақстанның 2026 жылы 38-орын алуы халықаралық бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан елеулі нәтиже. Ең бастысы, еліміздің ТМД-дағы өзге мемлекеттерден ғана емес, Испания мен Португалия сияқты дамыған экономикалардан да жоғары орналасуы болып отыр.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.