ка

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Егіс)

01.03.2019 15:49
0
0

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Егіс) казакша Қазақша өлең: Иса Байзақов (Егіс) на казахском языке

Колхозшым гүлдендіріп егісіңді,
Тез бітір түгел жыртып үлесіңді,
Маржандай қызыл бидай орғың келсе
Ұқыптап, тәрбиелеп сал күшіңді.
Қаулатып тракторлар өнерменен,
Егіске жұмылыңдар жігерменен,
Бірлескен колхоз, совхоз күш сенікі,
Жер жайын кеңесіңдер агрономмен.
Бауырдай бұйра тіліп қара жерді,
Тамырын құрыш сталь кесе білді,
Еңбектің шын өнімді жемісі егін,
Гүлдентед көркейтетін еңбекші елді.


Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий