Ақордадағы салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетіліп жатқанын атап өтті. Ол энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды kznews.kz.
Энергетика саласы – еліміз үшін стратегиялық маңызды бағыт. Тұрақты энергия көзі болмаса, қуатты мемлекет құру мүмкін емес. Осы салада еңбек ету – еліміздің дамуына үлес қосу деген сөз. Сіздердің жұмыстарыңыздың игілігін еліміздегі әр отбасы, әр адам сезінеді. Әрбір үйге жарық пен жылу жеткізу – үлкен жауапкершілікті талап ететін іс. Сіздерге қажырлы еңбектеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Президент.