Кітап қорын есепке алу және өңдеу процесіндегі жаңа ақпараттық технологиялардың алатын орны
26.01.2021
23:37
0
0
М А З М Ұ Н Ы
К І Р І С П Е ....................................................................................................3
І-тарау Кітапхана жүйесіндегі кітап қорының
жалпы мәселелері.......................................................................................... 9
1.1 Кітапхана қорын толықтырудың негізгі жолдары.......................... 9
1.2 Кітапхана қорын есептеудің түрі мен формасы..................................19
1.3 Кітапхана қорына келіп түскен құжаттарды есепке алу...................24
ІІ- тарау Кітап қорын есепке алу және өңдеу процесіндегі жаңа ақпараттық технологиялардың алатын орны
2.1 Кітап қорын есепке алу және өңдеу процессі жаңа кезеңде...........31
2.2. Ауылдық кітапхана қорының Өзегі....................................................43
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................58
К І Р І С П Е
Кітапхананы пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту, олардың ақпараттық қажеттілігіне жедел және кәсіби деңгейде жауап беру, дәстүрдегі және жаңа қызмет түрлерін пайдалана отырып, халықтың білім алуына, мәдени және рухани жаңғыруына ықпалдық ету-кітапханашының басты міндеттері. Жаңа технологияны, ақпаратты жеткізудің жаңа түрлерін енгізу халық арасына ықпалын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Жыл көлемінде электрондық өкіметті қалыптастыру мемлекеттік бағдарламасын, «Мәдени мұра» бағдарламасын, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауын жүзеге асыруға кітапханалар зор үлестерін қосуда.
Кітап қорын есепке алу және оны өңдеу - халықаралық кітапханалық ынтымақтастықта ең маңызды мәселелер болып көтеріліп келеді.
Кітапхана қорын есептеу және өңдеу мәселелерімен көптеген Ресейлік кітапханатанушылар шұғылданып келеді. Бағалы да мәнді тәжірибелер Л.Б.Хавкинаның, А. В. Кленованың, Ю. В. Григорьеваның құралдарында көрсетілген. Бұл мамандар кітапхана қорын есептеу жеке-жеке түрлерінен бастап, жаңа заман талабына сай, жаңа технологиялардың көмегі арқылы бұл сұрақтың күрделі шешімдерін іздей бастады.
Жаңа ғасырлық ғаламдық талаптары Қазақстан Республикасының көптеген кітапханаларының алдына жаңа ауқымды мақсаттар мен тапсырмалар қойылды. Бұл өңделіп жатқан стратегия қазіргі қоғамның құрылуы мен дамуындағы гуманитарлық және өркениетті бағыттардың өркендеуіне әкеледі.
Кітапханалық қызметтегі ғаламдық электрондық орта құру, дерекқорлар дерегі біртұтас компьютерлік жүйесіне күрделі ұлттық және кішігірім ауылдық кітапханалардың бірдей іске араласуымен түсіндіріледі.
Бұл дипломдық жұмыстың маңыздылығы Қазақстан Республикасының кітап қорын өңдеу, есепке алу жаңа технология енгізу әдістерін көптеген кішігірім аудандық, ауылдық кітапханалар үшін іс-тәжірибелік тұрғыдан енгізу тақырыбын ашып отыр.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кітапханасі ісі аясында жүргізіліп жатқан кітап қорын есепке алу және өңдеу тәсілдері облыстық ғылыми әмбебап кітапханалар және басқа да облыс кітапханаларына әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Жалпы кітапхана ісіндегі кейінгі жылдары жасалып жатқан, кітап қорының есепке алу және өңдеу іс-тәжірибелерді ашып көрсету. Осы тәсілдерді жетік меңгере жеткізе отырып, есепке алу дәрежесі мен сақталуының жиынтығын зерттеу.
Қазақстан Республикасында кітапхана ісінің дамуындағы кітап қорын есепке алу және өңдеу мәселелерін шешу үшін қандай шешімдер керек, құжаттардың баспадан «бүгін» басылып шыққандай қалыпта қалай ұстап отыру керектігін және қандай органдармен қарым-қатынасты нығайту керектігін көрсетеді.
Зерттеу жұмысының. Қазақстан Республикасының кітапханаларының кітап қорын есепке алу және өңдеу мәселесін ары қарай дамуындағы стратегиялық жоспарын жүзеге асыру мен жаңа технологияларды пайдалануды зерттеумен қорытылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми маңыздылығы. Қазіргі таңдағы кітапхана ісіне енді көңіл бөлініп, жаңа көзқарастар айқындалып жатқан кездегі пайда болып жатқан жаңа ұлттық бағдарламаны (РАБИС), олардың кітап қорын есепке алу және өңдеу жұмыс бағыттарын көрсетеді.
Ақпаратқа еркін қол жеткізу үшін азаматтардың құқын қамтамасыз етуге талпындыру, оқуға еркін рухани дамуда ұлттық және әлемдік мәдениетті бағалай білуге тартуда, осы құжаттарды қандай дәрежеде сақтау жолында халқына қандай игі қызмет атқарып отырғанын кітапханалардың рөлін көрсеткен.
Зерттеу жұмысының зерттеудің мәні - Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы және басқа да кітапханаларының қор есептеу, тексеру және өңдеуын ашып көрсете отырып, ірі кітапханалардың іс-тәжірибелерін меңгере отырып, кішігірім кітапханаларға оны сабақ ретінде ұсыну.
Кітап қорын есепке алу және өңдеу мен оларды консервациялау жөнінде өткен халықаралық деңгейден өткен кездесудегі ақпараттық конференция материалдары, отандық кітапханашылары мен библиографтардың актуалды мақалалары енді.
Зерттеу әдістері. Зерттеудің негізгі әдістері: ақпараттың ізденушілік, дереккөздер дәрежесіндегі әдістерді қолдана отырып қорытындылау және салыстыру әдістерін де зерттеу.
Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арнап «Кітапхана қоры» курсымен атақты кітапханатанушы В.Н. Денисьев, К.Л.Воронько айналысты. Ресейлік кітапханатанушы Ю.Столяров, И. М. Суслова В.И.Терешин кітапхана қорын ұйымдастыруда, құруда, кітап қорын қалай, қандай тиімді әдістермен сақтау керектігі туралы салалы да қызықты еңбектерін мысалға алуға болады. Әрбір көпшілік кітапхананың кітап қоры тұрғындардың ақпараттық сұранысын қамтамасыз ету, жас ұрпақтың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал жасау мақсатын көздеп, сан-салалы, жан-жақты жинақталған болуы тиіс. Ең басты мәселе, осы қордың негізгі тұрақты бөлігі болып табылатын кітап қорының өзегі дұрыс қалыптастырылуы керек.
Кітапхана қорының Өзегі дегеніміз - адами құндылықтардың нәтижесін жинақтаған шығармалардың негізінен тұратын кітап қорының тұрақты бөлігі, яғни, бұл негізгі қордың аз ғана бөлшегі болып табылады.
Қазақ жеріндегі мыңдаған мешіттердің бір-бір бөлмесі кітапхана болуы ежелден қалыптасқан дәстүр екенін, көптеген зиялы адамдардың ең құнды жиһаз мүлкі кітап болғанын әлгіндей шала сауатты мансапқорлар қаперіне де алмайды. Білімнен, кітаптан кенде қалған ел адамзат өркениетінің көшіне ілесе алмай, күштілердің құлы болатынын өзге емес, қазақтың өз тарихынан да білеміз. Білім кешенін, кітап кешенін болашақ ұрпаққа толық қанды аманат етіп жеткізіп отырған, қаз-қалпында қолына ұстатып отырған орта-кітапхана, оның бірден-бір асыл қазынасы, сарқылмас байлығы - кітап қоры.
Жаңа технологиялардың енгізілуі ақпаратқа қол жеткізудің қаншалықты тез екенін көрсете отырып, кітапхана алдына жаңа мәселелердің шешу жолдарын ашты: сандық ақпараттың сақталуы және сандық әдістемесін кітапхананың кітап қорын есепке алу және өңдеу әдісі ретінде қолдану.
Жақсы жинақталған кітап қоры - кітапханалар алдында қазіргі кезеңде қойылып отырған міндеттерді орындаудың негізгі шарты. Кітап қоры- бір жүйеге біріктірілетін көлемі жағынан үлкен, құрамы мен пайдаланылуы бағыты жағынан әркелкі өзара байланысты бірнеше бөлімнен құралып, бүтін бір жүйе жасайтын сапалы қор. Оның қалыптастырылуы ұзақ және күрделі үрдіс.
Жүйенің бірыңғай кітап қорын жасауға база ретінде пайдаланылған кітапханалардың қор құрамы ретінде едәуір жақсартуды қажет етеді. Қазіргі бар жүйелердің іс тәжірибесі бірыңғай қор жасау, әдебиеттерді бір орталықтан толықтыру ол қордың өсу қарқыны мен бағытын жедел түрде өзгертуге, қызмет көрсетілген мекеменің ерекшеліктеріне қарай кітаптар мен газет-журналдардың санын арттыруға, аса қажет кітаптардың даналарын көбейтіп, аз сұралатын әдебиеттер санын азайтуға мүмкіндік беретінін көрсетті, сонымен қатар әдебиеттерді жинақтау ісінде өзін-өзі ақтамайтын параллелизмді жойды. Жүйенің әрбір бөлімшесіне сол бөлімше қызмет көрсететін филиалдарға, оқырмандарының құрамы мен олардың сұранымына сәйкес келетін кітаптар алынады. Тапсырыстардың орындалуына әдебиеттер сатып алуға бөлінген қаржының тиімді жұмсалуына бақылау күшейіп, жүйенің әрбір бөлімшесінің қорын толықтыру ісіндегі немқұрайдылық жойылады.
Ескінің көзі жаңарып, жұмыс тәжірибелерінің нәтижелері жоғарғы деңгейден көрінуінің салдарынан Қазақстан Республикасының да кітапхана ісінің өркендеуі алға жылжыды. Нақтырақ айтсақ, кітапхана қорының есептеу мәселелерімен, олардың неше түрлі залалдардан қорғап қалу туралы мәселелерді Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат Министрлігінің үйлестіруімен пайда болған; РАБИС бағдарламасы, «Зере-Сауыт» Қазақстан Республикасы кітапханаларының жазба құжаттарын сақтаудың және оны есепке улулың, өңдеудің ұлттық бағдарламасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының кітапханалар мұрағаттарын сақтау Орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты З. Ж. Шаймарданованың жетекшілігімен жүргізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының кітап және қолжазба ескерткіштерін есепке алу, өңдеу, сақтау және консервациялау бағдарламасы қазіргі таңда беделді жұмыстарын атқарып келуде.
Кітапхана ісін дамытудың келесі бір бағыты Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры Р. А. Бердіғалиева басқарған, Қазақстан туралы республика территориясында шыққан басылымдардың, сондай-ақ, қазақ тіліндегі әдебиеттердің толық жинамасын жасақтау, оларды келешек ұрпаққа сақтап мұра етіп қалдыру мақсатымен «Халық жады» атты бағдарламасының да қызметтерін атап өтпеу мүмкін емес.
Соңғы он жылдың ішінде кітап қорын сандық есепке алу, толықтыру және өңдеу әдісі маңызды тақырыптардың бірі болды. Құжаттарды физикалық және нәтижелі сақталуы ауқымды түрде қолға алынуда.
Әсіресе Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына облыстық, ауылдық және аудандық кітапханашылары Жоғарғы курстарына оқуға келгенде дәл осы кітап қорын есепке алу және өңдеу жаңа технологияларымен танысқанына өте қанағаттандырарлық үлестер алып кетіп отыр.
Кітапхана қоры тек толықтырылып, есепке алынып, өңделіп қана қойылмай сонымен қатар тиімді де ұзағырақ сақталынып тұруы қажет. Кітап қорының есепке алу және сақталуы кітапхана қоймасының жағдайының жан-жақты; құжаттардың физикалық жағдайы, олардың физико-химиялық және биологиялық әдістерімен сақталуы жағдайларының толық түрде қарастырылуымен түсіндіріледі.
Кітапханадағы ішінара болып жатқан іс-шаралардың көбісінің бағыты-кітап қорының нәтижелі толықтырылуына және сақталуына бағытталған. Абонент қызметіндегі кітапханашының алдында оқырмандардың құжатты пайдалануындағы ережелерін қадағалау міндеті тұрады.
I-тарау Кітапхана жүйесіндегі кітап қорының жалпы
мәселелері
1.1. Кітапхана қорын толықтырудың негізгі жолдары
Жалпы «кітап қорын толықтыру» деген түсінік кітапханалық жұмыс барысына ХХ ғасырдың басында күшке ене бастады. Кітап қорын толықтыру ісі дегеніміз-оқырмандардың қызығушылығына қарай, талап-тілектеріне сай әрдайым кітап қорын толықтырып отыратын жұмыстың түрін атаймыз.
Толықтырудың үш түрін белгілеуге болады:
- ағымды - осы жылғы шығарылып отырған құндылықтармен кітапхана қорын толықтырып отыру;
-өткенді шолатын - жетіспейтін әдебиеттерді өткен жылдардан алып, толықтырып отыру;
- қайта толықтыру - қордан ескірген, сұранымы мүлдем жоқ әдебиеттерді тазалап отыру.
Толықтырудың ең маңызды түрі - ағымды. Осы жұмысты қолданып отырған кітапханалар жаңа әдебиеттер түсімі жағынан 80-90 пайыздық көрсеткішті көрсетіп отыр. Өйткені бұл тиімді. Ағымдағы толықтыру барысында кітапханалар ағымдағы және перспективті библиографиялық құралдарды қолданады. Себебі, бұл құралдар кітапханашыға баспагерлік жоспарларда қандай өзгерістер мен жаңалықтар болып жатқандығы жайлы мәліметтер береді. Осы баспалардың негізінде кітапханашы – тікелеу баспадардың өзінен алғашқы тапсырыстарды бере алады. Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінде: кітап қорын толықтырудың тақырыптық-типологиялық және шұғыл жоспары каталогтармен жүргізілетін жұмыстардың даму жоспары, каталогтар жүйесі туралы ереже, жеке каталогтар туралы ереже, кітапханалық-библиографиялық жіктеу кестелерінің жұмысқа пайдаланытын данасы, баспа шығармаларына библиографиялық сипаттама жазу бойынша әдістемелік шешімдердің картотекасы, кітап қорын толықтыруға көмек көрсететін картотека, сондай-ақ кітап қорын толықтыру мәселесі бойынша әдебиеттер мен нұсқау - әдістемелік құжаттарды ұйымдастыруға қажетті ақпараттық-библиографиялық құжаттар жүйесінің мемлекеттік стандарттары, қажетті сөздіктер, анықтамалар болуы әбден қажет. Қазіргі таңда ұлттық әдебиеттер депозитарлық қорын құрастыру басты мәселелердің бірі болып отыр. Осының нәтижесінде облыстық әмбебап ғылыми кітапханаларда ғылым мен білімнің сауалдарын қамтамасыз ететін депозитарлық әдебиет қорларын ұйымдастыру жүргізілуде.*
Жалпы ҚР Ұлттық кітапханасының кітап қорын толықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен «Республика кітапханаларында қазақ тіліндегі әдебиеттерді пайдалану мен толықтыру мәселелері жөніндегі зерттеу қорытындыларын өндіру жоспары» туралы анықтама жазылған. Онда облыстық ғылыми әмбебап кітапханаларды кітап қорының пайдаланылуы мен жалпы жағдайы толық айтылған. Материалдардың барлығы қазақ тіліндегі әдебиеттердің пайдаланылуы мен толықтырылуы туралы белгілі бір дәрежеде жан-жақты мәліметтер берді.
*Қазақстан көпшілік кітапханасына арналған кітап қоры өзегі-құраст. Б.Шаймерденова;ред.А.Қ.Маметова.- Алматы, ҚРҰК.-1993.-65б.
Осы уақыт аралығында кітапхана қызметінде қандай өзгерістер болды, қазақ оқырмандарын өз ана тіліндегі кітаптармен қамтамасыз ету, пайдалану дәрежесі өсті ме? Күрделі және кішігірім кітапханалар үшін міндетті дана-МД- ауадай қажет. Ол міндетті түрде әр баспадан шығарылып отырған басылымнан тираждың бөлігін көрсетеді. Көлемдік жағынан МД жалпықоғамдық, республикалық және жергілікті болып үшке бөлінеді. Кітапханаларға ұсынылу жағынан-ақылы және ақысыз, қатыстылығы жағынан - ведомстволық және ішінара ведомстволық, хронологиялық сипаты бойынша - локалды мақсатпен құрылған үздіксіз және уақытша іс-әрекет, толықтығы жағынан - толық және бөлшекті, белгіленуі бойынша - жалпы оның мақсаты. Осы қағидалардан құрылған түсінік МД сипатын аша отырып, елдегі міндетті дана жүйесінің толық мәтінді құрылуына себеп болады*.
Соңғы 10 жылдық уақыт мерзім ішіндегі кітапханалардан жиналған мәліметтер кітапханалардың кітап қорларының грампластинкалармен, магнитофонды ленталармен, кассеталақ дауысты жазбалармен, фильмдермен, диафильмдермен, диапозитивтермен - яғни аудиовизуалды материалдармен қамтамасыз етіліп жатқандығы мәлім болды. Аудиовизуалды материалдардың тақырыптары әртүрлі, музыкалық жазулардан тартып құжаттар мен фактілерге дейін. Кітапханалар мұндай құндылықтармен өз қорларын 30-жылдардан тартып толықтыра бастады. Және де ХХ ғасырдың екінші жартысында тұтынушылардың жаңа талаптары мен сұраныстарына орай аудиовизуалды материалдарды көбірек иемдену процесі өсті.
* Павлова В. Как получить местный обязательный экземпляр//Библиотека.-1999.- №2.-С.29-30
Кітап қорын толықтырудың маңызды бір сұрақтарының келесі бағыты - кітаптардың бағасы. Кітап қорының толық мәтінді толықтырылуы да кітаптардың бағасына байланысты болады.
Кітап қорларының құрылуы, сақталуы мен пайдалануы келесі жүйелер арқылы анықталады:
-біріншіден, кітап қорлары адамзаттың сауаттылығының өркендеуіндегі кез-келген сала бойынша алғашқы ғылыми ақпарат тәрізді;
-екіншіден, барлық типтегі кітапханалар ынтымақтастықтардағы кітап қорларының толықтырылуын талап етеді.
Кітап қорларын құрудағы, сақталуы мен пайдалануында көптеген нәтижелі жұмыстар жүргізіліп отырса да қорлармен жұмыс жүргізудің әдістері мен формалары әрдайым жаңа тапсырыстар мен қызметтерді қажет етеді.
Қазақ және басқа тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес Мәдениет, ақпарат министрлігі және оның жергілікті ұйымдары, кітапханалардың кітап қорын қазақ тіліндегі әдебиеттермен барынша дерлік толықтыруға ерекше көңіл бөлуді қолға алды. Қорытындылау барысында республика кітапханаларындағы кітап қорын қазақ тіліндегі әдебиеттермен толықтыру және оны пайдалану біршама жақсарды.
Жаңа түскен әдебиеттердің қазақ тіліндегі ара салмағына талдау жасасақ: Республикадағы жергілікті ұлт өкілдері басым орналасқан облыстарда қорға түскен жалпы жаңа әдебиеттердің жоғарғы көрсеткіштері Қызылорда –58,7 %, Жамбылда-47,9%, Атырауда-47,2 %, Оңтүстік Қазақстанда-60%, Алматы-41,8%, Ақтөбеде-47%, Талдықорғанда-30,0%, ал ең төменгі көрсеткіштер Қостанайда-13,0%, Қарағандыда-17,0 %.
Дегенмен ең төменгі көрсеткіштердің сақталуы кітапхана қызметкерлерінің баспа өнімдеріне деген сұраныстарының жеткіліксіздігі.
Кітапхана өзі қызмет көрсететін мекемелердің сұранымдарымен, олардың даму бағыттарымен танысу арқылы оқырмандардың өскелең талаптарына сай, келешекте өндірістік мәселеге қажет болатын кітаптарды алуды жоспарға енгізеді. Жоспар жасау басқа кітапханалардың қорын зерттеп, кітап қорын толықтыруды солармен үйлестіру ісі де кітап қорын толықтырудың дұрыс жоспарын жасауға көмектеседі.
Бүгінгі күні кітап қорын толықтырудағы бұрынғы көзқарасты мүлде өзгерту, уақыт ағымына сай адамгершілік қасиеттермен қатар түрлі көзқарастағы әдебиеттермен тең толықтыру оқырман талабынан туындап отырғандығы бәрімізге мәлім. Соңғы уақытта дінге деген қызығушылық артып, діни әдебиеттер қорын қалыптастыру арқылы діни сауаттылықты жетілдіру, дінді насихаттау шаралары қолға алынды.
Осындай мәселелерден әрбір кітапхана қорына ерекше өзіндік көзқараспен қарап, қор құрамын күнделікті зерттеу арқылы мазмұны терең, сан-салалы әдебиеттермен толықтыру мақсаты туындайды. Қалада 100-ден аса көпшілік кітапханалар бір торапқа біріктірілген. Оқырмандар ақпараттық материалға тапсырыс, сұраныс немесе мерзімін ұзарту тағы да басқа жұмыстарды бір жерден пайдалана алады. Бірнеше орталықтандарылған кітапханалар жүйесі бар, олардың кітап қоры, жабдықтары бір орталықтан толықтырылады, каталог жұмыс процестреді де бір орталықтан атқарылады, бұл кітапханашылар жұмысын жеңілдетеді. Көптеген кітапханаларда үлкендер мен балаларға қызмет көрсетіледі.Бүгінде Интернет желісі барлық елде таралған, бірақ қажетті ақпаратты бүкіләлемдік желіден іздеп табуға мүмкіндік жасауда кітапханалардың ролі маңызды.
Кез-келген кітапханалардың кітап қоры кездейсоқ кітаптардың жиынтығы емес, ол кітапхананың алдына қойған мәселелерін шешуге әсер ететтін, ойластырылып, жинақталған арнаулы қоры болып саналады. Сондықтан кітапханада кітапхана қорын оқырмандар талптарына сай жоспарлы, ғылыми тұрғыда толықтыруға арналған жоспар жасалынады. Оны жасамас бұрын кітапхаханның меңгерушісі алдын-ала бірнеше дайындық жұмыстарын жүргізеді. Ең алдымен тұрғын санын анықтап алады.
Кітапхана өзі қызмет көрсететін мекемелердің сұранымдарымен, олардың даму бағыттарымен танысу арқылы оқырмандардың өскелең талаптарына сай, келешекте өндірістік мәселеге қажет болатын кітаптарды алуды жоспарға енгізеді. Жоспар жасау басқа кітапханалардың қорын зерттеп, кітап қорын толықтыруды солармен үйлестіру ісі де кітап қорын толықтырудың дұрыс жоспарын жасауға көмектеседі.
Жоспардың мынадай түрлерін атап кетуге болады: кітап қорын толықтырудың тақырыптық жоспары; кітап қорын толықтырудың оперативтік жспары және келешекке жасалған жоспар.
Тақырыптық жоспар дегеніміз кітап қорын нақты деректерге сүйене отырып, дұрыс толықтырудың негізгі бағдарламасы болып саналады. Онда кітапхана қорына алынатын басылым түрлері және әр тақырып бойынша кітаптардың шамамен алынған данасы көрсетіледі. Сондай-ақ басқа кітапханалар қорын толықтыруды өзара үйлестіру, сирек сұралатын кітаптарды кітапханаралық абонемент арқылы алдыру сияқты мәселелер бұл жоспарда өз шешімдерін табады.
Тақырыптық жоспар бірнеше жылдарға жасалады. Ол кітапхана қызмет көрсетіп отырған тұрғындар сұраныстарына енген өзгерістерге байланысты, сондай-ақ кітапхана оқырмандарының назарын аударатын жаңа тақырыптардың пайда болуына қарай, баяу өзгеріп отырады.
Бір ғана қызметкері бар кішігірім кітапханалар тақырыптық жоспар жасамай-ақ, кітап қорын толықтырудың саласын анықтап алса да болады. Мұнда да тақырыптық жоспар жасағандағыдай жергілікті кеңестік ұйымдармен, бас мамандармен кеңесе отырып жасау керек және олардың көмегімен шаруашылықтың даму бағытын оның күнделікті және болашақтағы жоспарлармен, міндеттемелермен танысып алу қажет.
Егер кітапхана қызмет ететін ықшам уадандарда кішігірім өнеркәсіп мекемелері орналасқан болса, онда оның шығаратын өнімдерінің түрін, қолданылатын құрал-жабдықтарын жұмысшылардың өндірістік мамандықтарын ескеру қажет болады. Осы жинақталған деректерге сүйене отырып, облыстық кітапхана жіберген үлгі бойынша жасалған кітап қорын толықтыру саласы кіттапхана қорларына жіберіледі.
Кітап қорын толықтыруды ұйымдастыру мәселелері кітапхананың жылдық жоспарының тиісті бөлімінде беріледі-мұны оперативтік жоспар деп те атайды. Онда кітап қорының қай бөлімдерін баса толықтыру қажеттігі, қай бөлімін зерттеп білу керектігі, баспалардың тақырыптық жоспары бойынша алдын-ала тапсырыс беру тәсілі және кітап қорын толықтыруға көмекші карточкалар жасалып, оған енгізілетін өзгерістерді анықтау мәселелері көрсетіледі.
Жоспарға кітап қорын толықтырудың шамамен алынған сан көрсеткіштері енгізіледі. Сан көрсеткіші бір жылға бөлінген қаржы мөлшері мен кітаптың орташа бағасы бойынша есептелініп шығарылады.
Кітап қорын негізінен кітапхана - кітап дүкен, мемлекеттік тапсырыс арқылы толықтыратын болғандықтан бөлінген қаржының басым көпшілігін кітапхананың өзі тікелей жоспарлайды. Дегенмен де, бөлінген қаржының бір шамасын кітап дүкендерінен көркем шығармалар мен қажет тақырыптағы кітаптардың қосымша данасын алуға жұмасуды жоспарланған жөн.
Сол сияқты мерзімді басылымдар жаздырып алуға жұмсалатын қаржы да есепке алынады. Егер кітапхана меңгерушісінде басқа кітапханалармен үйлестірілген, келісіп жаздырып алынатын газет пен журналдардың тізімі болса, онда бұл қаржының нақты бағасын есептен шығаруға болады.
Кітапхана кітап қорын негізгі мақсаттарына сай жүйелі түрде толықтыруы үшін - оны жоспарлауға көмектесетін, бірнеше анықтамалық аппарат жүргізеді. Олар:
-оқырмандар бағыттрының картотекасы;
-кітап қорының үстеме толықтырылуымен жыл сайын толықтырылуының бірыңғай картотекасы;
-оқырмандардың қанағаттандырылмаған талаптар мен тілектерін есепке алу дәптері;
-мерзімді басылымдар мен жаздырып алынатын басылымдарды тіркейтін арнаулы карточкалардың қаріптік картотекасы;
-кітапханалардың жаздырып алатын газеттері мен журналдардың картотекасы.
Оқырмандар бағыттарының картотекасында олардың мамандығы, атқаратын қызметтері, қайда оқитыны сияқты оқырмандар құрамының мәліметтері беріледі. Мұндай картотекалар көптеген кітапханаларда бар, олар оны кітап кітап қорын тлықтыруға, оқырмандармен жұмыс жүргізу ісіне пайдаланады. Оқырмандар бағыттарының картотекасы сонымен қатар кітап қорына алынатын әдебиеттердің тақырыптары мен басылым түрлерін, оқырмандардың мамандығы мен оқуына қажет кітаптарды неше данадан алу керектігін анықтауға көмектеседі.
Мұндай картотека жасау үшін алдымен біркелкі ұқсас қызметтер атқаратын мамандықтары бірдей адамдардың немесе бағыттары сәйкес келетін колледж мен институттарда оқитын студенттердің формуляр номерін рет саны бойынша жеке карточкаларға жазып алу керек. Кейбір оқырмандардың формуляры бірнеше карточкаларға жазылуы мүмкін. Өйткені кейбір жеке адамдар ауылшаруашылық институтында оқиды, әрі халық театрында ойнайды, сондықтан оның формулярының рет саны екі карточкаға жазылады. Жаңадан жазылған оқырмандарды тіркегенде оқу формулярының рет санын тиісті тақырыптағы карточкаға толықтыру қажет. Біздің елімізде кітапханалар мемлекет қамқорлығына алынған; ауыл кітапханаларына кітап мерзімді басылым, басқа да кітапхана жабдықтарын алуға мемлекет тарабынан қаржы бөлінеді. Бұл қаржылардың бір шамасы облыстық (өлкелік, республикалық) бюджетте орталықтандырылған. Осы орталықтандырылған қаржымен мемлекеттік ауылдық кітапханалар қорын жүйелі түрде толықтырып отыру үшін әрбір облыстық мәдениет басқармалары жергілкті әкімшілікпен жыл сайын келісім шарт жасайды. Келісім бойынша белгіленген мерзімде бұл қаржыны мәдениет басқармасы кітапхана есебіне аударып отырады.
Жергілікті бюджеттің есебінде қалған қаржыны және жалпы жиналыстың шешіміммен мәдени қордан бөлінген немесе атқару комитеттердің шешімі мен кеңестердің өзіндік қорынан бөлінген қаржыларды кітапхана меңгерушісі өзі игереді. Алайда бұл қаржыны да кітапхана арқылы игеру үшін кітапхана меңгерушісі олармен қосымша келісім жасай алады, бұлай ету кітапханаға да пайдалы, өйткені ол, кітапханашының уақытын үнемдейді, және кітаптарды кітапханаға жеткізуге жұмсалатын қаржыны да өздері көтереді. Жыл сайын есеп беріп отырады.
Баспалардың тақырыптық жоспарлары мен басқа да баспадан шыққан және шығатын кітаптар туралы хабарламалар және ұсыныс библиографиялары бойынша алдын - ала берілген заказдарды келісім шарт бойынша кітапханаларға жіберіп отырады. Сол сияқты кітапханашылардың өздері келіп іріктеп алған кітаптарды жібереді.
Ауылдық кітапханашылардың меңгерушілері аудандық кітапхананың басқаруымен өткізілетін семинарларда орталық және жергілікті баспалардың тақырыптық жоспарларына енген әдебиеттерге тапсырыс береді. Ал, аудандық кітапхана тапсырыстарды жинаумен ғана тынбай, оның қортындысын шығарып, белгіленген мерзім арасында кітап дүкендерге келісім шарт бойынша тапсырады. Баспалардың тақырыптық жоспарлары бойынша алдын-ала тапсырыс берудің қиындықтарын ескере отырып кейбір облыстық кітапханалар аудандық кітапханалардың қатысуымен аудандық кітапханалар үшін орталықтандырылған тапсырыс беруді ұйымдастырады. Мұндайда аудандық кітапханалар үшін берілген кітаптарды алдын - ала хабарлап қояды. Мысалы: Ресей Мемлекеттік кітапханасы көпшілік кітапханаларға көмек ретінде орталық баспалардың тақырыптық жоспарындағы жалпы көпшілік оқырмандарға арналған ауылдық кітапханалардың қорында болуы керек, кітаптарды белгілеп ұсынып отырады. Аудандық кітапхана меңгерушісі өздеріне жіберілген кітаптардың ішінен кітапхана профилі мен оның оқырмандардың талаптарына сай келмейтін кітаптарды депозитарлық кітапханаларға қайтарып беруге хақысы бар. Қазақстанда кітапханалық коллекторы ұйымдастырылған, бірақта жұмыс жүрмей тұрғанын баршаға мәлім.
1.2 Кітап қорының есептеудің түрі мен формасы
Кітапхана корының есебін жүргізу кезінде кітапхана мынаған міндетті:
- Қорға келіп түскен және одан шығарылатын құжаттардың белгіленген есеп бірлігіндегі жиынтық және жеке есебін жүргізуге;
- Белгіленген есеп бірліктерін колданудың дәйектілігін қамтамасыз етіп. кітапхана қорын есепке алу жөніндегі жаңа нормативті қүжат қабылдамай оларды өзгертуге жол бермеуге;
- мәртебесі, кордың, үйымдастырыдуы мен қүрылымы ескерілген, осы әдістемелік құралдьң талаптарына қайшы келмейтін қорды есепке алудың сенімді нәтижелерін қамтамасыз ететін есептің өз тәртібін белгілеуге;
- жазбаларды мүлік кітаптарына, қордың жиынтық есеп кітаптарына, компьютерде басылған жеке парақтарда, тәртіпке нысанында, сондай-ақ есеп қүжаттарын ұзақ мерзімге сақтау мен өндіруді қамтамасыз ететін дискетте, дискіде және басқа да көздерге жазылған электрондық сандық файлдарға жүргізуге;
- Келіп түскені.
- Қітапхана корынан шығарылғаны.
- Қітапхана корындағы болған өзгерістер,
- жеке бір саяси оқиғаларға, саяси және шаруашылық науқандарға, есепке алынатын және аталып өтетін күндер мен юбилейлерге арналған кітапшалар;
- тәжірибе алмасу үшін шығарылған кітапшалар мен листовкалар, агротехникалық нұскаулар, уақытша нұсқаулар мен - ескертпелер, библиографиялык листовкалар, кітап оку жоспарлары, жарыс ережелері және т. б;
- «Білім» баспасының жазылып алынатын сериялық кітапшалары;
- журналдарға қосымша шығатын кітапшалар
- Келіп түскен эдебиеттердің жиынтық есебі.
- бштім - "Қорга түскен түсім"
- бөлім - "Қордан шығару"
- кітапхана қорының барлық бөлімшелерінің кітапхана ішіндегі есебі;
- кітапхана қорының мемлекетгік акпарат есебі.
- атау - басқалардан атымен шығу деректерімен немесе безендірудің басқа элементтерімен ерекшінеленетін әрбір жаңа немесе қайталама басылым, басқа құжат;
- дана - қорға қосылатын немесе одан шығарылатын қүжаттың әрбір жеке бірлігі болып табылады,
- метросөре - басылымдар немесе басқа қүжаттар алған стеллаж сөресінің метрмен өлшенетін қор шамасы есебінің халықаралық бірлігі;
- түптеу бірлігі (тігінді) - басқа тәсілмен бір бүтінге тігілген, түптелген немесе бекітілген және қордың бір есеп бірлігі ретінде қабылданатын мерзімді басылымдар нөмірлерінің жиынтығы.
- Күнделікті шығатын газеттер - тоқсан сайын есептеледі.
- Апталық газеттер - жарты жылдык комплектімен есептеледі.
- Айлык, газетгер - жылдық комплектімен есептеледі.
- Қорға түскен басылымдар мен жарияланбаған күжаттардың жаңа түсімдерін есепке алудың негізгі бірліктері дана мен атау болып табылады.
- Журналдардың негізгі есеп бірлігі дана (том, немір, сан) және журнал атауының өзгеруі мен комплектінің толықтығына қарамастан басылымның қорға түскен барлық жылдар ішіндегі атауы болып табылады.
- Газеттердің негізгі есеп бірлігі жылдык комплекгі мен газет атауының өзгеруі мен комплектінің толықтығына қарамастан газеттің корға түскен барлык жылдар ішіндегі атауы болып табылады.
- Ноталық басылымдардың есеп бірлігі дана мен атау болып табылады. Партитурамен (главирмен) бір басылымға біріктірілген жеке партиялар(дауыстар), соңдай-ақ басбаспа папкасы (мұқаба) біріктірілген партиялар бір дана және бір атау ретінде есептеледі.
- Бөлек басылған жеке партиялар (дауыстар) мен партитура (клавир) екі дана ретінде есептеледі. Бір тұптемеге (конволют) біріктірілген дербес ноталық басылымдар жеке даналар және атаулар ретінде есептеледі.
- сыпаттама жазуды қолданыстағы ережелерге және библиографиялық ақпаратты сақтауға арналған халықаралық MARС форматына сәйкес толық библиографиялық сыпаттама енгізу, қарау;
- құжат мәтінін енгізу, қарау және редакциялау;
- құжаттың барлық поляларға берілген сыпаттамасы және мәтін мазмұны бойынша жылдам іздестіруді іске асырады;
- тақырыптық тізімдерді дайындау және оны қағазға басып шығару;
- USMARС және ISO форматында ақпарат алмасуды іске асыру,
- тақырыбы, бір автор және т.б. бойынша берілген параметрлер бойын-ша әдебиеттер тізімін қалыптастырады және оны қағазға басып шығарады;
- жаңа түскен басылымдар, персональды, тақырыптық, және қажеттілі-гіне қарай пәндік-географиялық, басылым атаулары сияқты қосым-ша көрсеткіштермен жабдықталған библиографиялық көрсеткіштер шығарады;
- кітап формулярын басып шығарады;
- қолданыстағы каталогтар мен картотекаларды толықтыру үшін катал-тық карточкаларды басып шығарады;
- USMARS және ISO форматында мәтіндік файл көмегімен дерек қорларды толықтырады. Мұндай файлдарды электронды пошта және Интернет арқылы беруге болады.
- жүйені эксплуатациялауды қолдауды және ақпаратты сақтауды қамтамасыз ететін басқа да қызметтер
- Автоматтандырылған кітаханалық-ақпараттық жүйесінің отандық қолдаңбалы бағдарламалық өнімдерін жасау (АБИС);
- Өзіндік ақпараттық ресурстарды қалыптастыру;
- Республиа кітапханаларын біртұтас компьютерлік торапқа-республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйеге (РАБИС ке ) біріктіру;
- көркем әдебиеттер, соның ішінде, қазақ, орыс, шетел тілдеріндегітанымал классикалық шығармалар;
- халық ауыз әдебиетінің шығармалары;
- құқықтық-нормативтік матеиалдар: Үкіметтің қаулы-қарарлары, соның ішінде, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының рәміздері, Заңдары, соның ішінде Мемлекеттік туралы, Білім, Мәдениет, Денсаулық сақтау Кәсіпкерлікті дамыту және т.б.
- Қазақстан Республикасының Кодекстері, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтық, Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық кодекстері, жалпы азаматтардың міндеттері мен құқықтарына байланысты басқа да құқықтық-нормативтік материалдар мен осы салаға қатысты анықтамалық әдебиеттер;
- әртүрлі ғылым салалары бойынша әдебиеттер, соның ішінде энциклопедиялар, анықтамалар, сөздіктер, әсіресе көпшілікке арналған ғылыми-танымдық анықтамалық басылымдар;
- Қазақстан Республикасының географиялық, республикалық, облыстық, аудандық әкімшілік-территориялық карталары.
- Закон Республикасы Казахстана «О культуре», 24 декабря 1996г.
- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан
- 4. Абузарова А. Ж. Управление фондами библиотек Республики Казахстан: состояние, проблемы, рекомендации// Книголюб.-2002.-1-15 июля.-С.27
- 5. Багрова И.Ю. Фонды национальных библиотек: проблемы и стратегии 90-х годов// Библиотековедение.-1999.- №-С.136-143.
- Библиотеки Казахстана в 2005 году: факты и цифры .-Алматы,
- 7. Библиотечные фонды/ Ред. В.А.Недзвецкий.-М.: Просвещение, 1967.-201с.
- 8. Библиотечные фонды. Учебник.-М.:Книга,1979.-296 с.
- 9. В помошь работе библиотек по улучшению использования и сохранности книжных фондов .-М., РГБ им. В.И. Ленина.-1983.-25с.
- 10. Газетные фонды библиотек. Проблемы учета и обеспечения сохранности.- М.-РГБ им. В:И.Ленина., 1984.-123с.
- 11. Гигиена и реставрация библиотечных фондов. Практическое пособие. М., Книга 1985.-160с.
- 12. Григорьев Ю.В. Теоретические основы формирования библиотечного фонда: Учебн. пособие.-М.: МГИК,1973.-88с.
- 13. Қазақстан көпшiлiк кiтапханасына арналған кiтап қоры өзегi / құраст. Б.Шаймерденова; Ред. А.Қ.Маметова.-Алматы, ҚРҰК.- 1993.- 65 б.
- Қ. Тоқаев, «Ғаламдастыру жағдайындағы Қазақстанның сыртқы саясаты».- Алматы, 201б.
- 15. Книжные фонды научных библиотек: Пробл. комплектования, использования, сохранности: Сб. научн. тр.-М.,1990-188с.
- 16. Микрофильмирование как один из способов сохранности газетных фондов/ РГБ им. Ленина. - М., 1985.-35с.
- 17. Нюкша Ю. П. Современные способы реставрации книг и рукописей.-Библиотекарь, 1986, №2, с.64-66.
- 18. Организация сохранности книжных фондов в академических библиотеках.- Л., БАК.-1986.-56с.
- 19. Проблемы сохранности книжных фондов.-Л., БАК.-1989.-125 с.
- 21. Реставраторам и хранителям библиотечных фондов.-М., РГБ им. В.И.Ленина.-1981.-99с.
- 22. Столяров Ю.Н. Библиотечный фонд правовой документации:
- 2 Серафимович А. Любители чужой книги//Правда.-1936.-3 сәуір.
- 24. Сергазин Ж.Ф. Основы обеспечения сохранности документов.-М.: Высш., шк., 1986.-239 с.
- 27. Терешин В.И. Библиотечный фонд.- М., 2000.-176 с.
- 30. Шаймарданова З.Д., Мендыгожина С. Обзор национальных программ сохранности библиотек мира// Национальная библиотека: люди, факты, работа/ НБРК.-Алматы,2000.-С.222-242.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ