Ұлттық экономикалық зерттеулер бюросы ақпан айындағы инфляция есебін жария етті.
Есептеулер бойынша осы кездегі баға құбылуының айлық болжамды шегі 0,9 пайыз шамасында.
Жалпы, аталған бюро сарапшылары экономикадағы инфляция өсімі мен құлдырауы екі мәнде болжап отыр екен. Мәселен, жыл соңына дейінгі жалпы баға өсімінің ақпан айындағы мөлшері 11,7 пайыз деп алынса, ай соңына дейінгі құбылу 0,9 пайыз болып белгіленді.
Мұндай болжамдар жалпы индекс бойынша ғана емес, инфляцияның негізгі құрамдас бөліктері бойынша да жасалып отыр. Бұл әдіс бағаның баяулау сапасын құрылымдық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді.
Жалпы, 2026 жылғы ақпанға арналған болжам былай қалыптасты: азық-түлік тауарларының жылдық инфляциясы 12,2 пайыз болса, айлық өсім 0,9 пайыз айналасында, ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар құнының өсімі жыл аяғына дейін 11,7 пайыз деп болжанса, ақпандағы бағаның көтерілуі 0,9 пайыз. Мұнан бөлек, ақылы қызметтер нарығындағы қымбаттаудың жылдық шегі 10,8 пайыз деп алынса, ақпандағы инфляция - 0,9 пайыз.
Цифр тілінде бұл көрсеткіштер үлкен айырмашылық пен ауыртпалықты көрсетпегенімен, тұтыну нарығындағы бағаның нақты өсімі бәрібір алаңдаушылық тудырып отыр. Өйткені, жылдық инфляция деңгейі әлі де екі таңбалы көрсеткіштен түспеген. Алдағы айларда күрт өсім көрсетуі де мүмкін. Себебі, есептік мәндер арасындағы айырмашылық алшақ болмағанымен, баға қысымының негізгі көзі азық-түлік секторына бағытталып отыр. Бұл тек статистикалық емес, экономикалық тұрғыдан да маңызды.
Өйткені азық-түлік инфляциясы халықтың күнделікті шығынына тікелей әсер етеді және инфляцияның көтерілуін күшейтеді. Нәтижесінде баға өсімінің инерциясы сақталады.
Қарапайым мысалдармен түсіндірсек, 2026 жылдың соңына дейін инфляцияның айлық өсімі 0,7–0,9 арасында сақталуы мүмкін. Ал жылдық болжам - 11 пайыз. Бұл нарықтағы қазіргі бағаның енді арзандамайтынын, керісінше сұраныс пен сыртқы фактордың әсерінен көтеріліп кетуі мүмкіндігін көрсетеді.
Яғни қағаздағы есепте көрсетілгендей, жылдық инфляция біртіндеп төмендесе де, бағаның ағымдағы өсу қарқыны жоғары күйінде қала бермек.
Жалпы алғанда, инфляцияның баяулауы байқалғанымен, баға өсімінің ішкі құрылымы әлі де тұрақсыз. Әсіресе азық-түлік бағасының жоғары серпіні аяқ асты инфляция толқынын туғызуы мүмкін.
Деп келгенде, мұндай құбылулар әлеуметтік саясатты қалыптастырып отырған Үкіметтің айлық инфляция деңгейін 0,7 пайыз деңгейінде ұстап тұруға берген уәдесін орындай алмайтынын және ақша-несие саясатының іске асуына да қатысты мәселелерді туындататынын білдіреді.