Азат Перуашев "Ақ жолдан" кетті...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Тамаша жаңалық": Депутат Асхат Аймағамбетов қуанышты хабарын айтты

"Тамаша жаңалық": Депутат Асхат Аймағамбетов қуанышты хабарын айтты
gov.kz

Қазақстандағы колледждер үшін бюрократиялық кедергі азайды. Депутат Асхат Аймағамбетов Кәсіпкерлік кодекске енгізілген авторлық түзетудің ресми түрде қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, енді колледждер студенттердің практика кезінде өз қолымен жасаған бұйымдарын сату үшін монополияға қарсы органнан арнайы рұқсат алуға міндетті емес.

"Колледждеріміз үшін тамаша жаңалық! Кәсіпкерлік кодекске енгізген авторлық түзетуіміз ресми түрде қабылданды. Біз тағы бір қисынсыз бюрократиялық кедергіні жойдық. Енді колледждерге студенттердің практика кезінде өз қолымен жасаған бұйымдарын (нан, киім, жиһаз) сату үшін монополияға қарсы органнан рұқсат алып жүрмей, өнімдерін сатып, табыс табуға болады. Бұл не береді? Оқу орындары өнімдерін сатып, заңды түрде табыс тауып, шығындарын жаба алады. Ал студенттер нақты тәжірибе жинақтайды", – деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер