Мал басының көбеюі жем-шөп пен жайылым мәселесін де күн тәртібіне шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мал басының көбеюі жем-шөп пен жайылым мәселесін де күн тәртібіне шығарды

Мал басының көбеюі жем-шөп пен жайылым мәселесін де күн тәртібіне шығарды
Фото: ашық дереккөздерден

Елімізде мал шаруашылығының негізгі көрсеткіштерінің оң бағытта артуы байқалады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, төрт түліктің тұяғы өткен жылға қарағанда әжептәуір өсім берген. Мәселен, 1- мамырдағы жағдай бойынша ірі қара мал саны 9,8 миллион басқа жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 325,2 мың басқа артқан.

Қой саны 23,5 миллион басқа өсіп, 363,1 мың басқа артыпты Ал жылқы 5,1 миллион басқа жетіп, бұрнағымен салыстырғанда 339,8 мың басқа көбейген. Сол сияқты түйе 322 мың басқа арты, жаңадан ,5 мың бас қосылған екен.

Мұнан бөлек, құс саны да өсіп, 48,2 миллион басқа жеткен көрінеді. Бұл былтырғы есептен 291,5 мың басқа артық.

Әлбетте, мал басының көбеюі ет өндірісінің де өсуіне ықпал етуде. Биылғы қаңтар–сәуір айларында барлық түрдегі ет өндірісі сойыс салмағымен есептегенде 338,2 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11 мың тоннаға көп.

Соның ішінде сиыр еті өндірісі 112,9 мың тоннаға жетіп, бір жылда 6,5 мың тоннаға өсті. Қой еті өндірісі 34,7 мың тоннаны, жылқы еті өндірісі 39,8 мың тоннаны құрады.

Сарапшылардың пікірінше, мал басының тұрақты өсуі ішкі нарықты ет өнімдерімен қамтамасыз етуді күшейтіп қана қоймай, экспорттық әлеуетті де арттыруға мүмкіндік береді.

Ал мал басының өсуі тек цифрлармен мақтану ғана емес екені белгілі. Көбейген төрт түлікпен бірге жем-шөп базасын нығайту мен өнімділікті арттыру мәселелері саладағы негізгі міндеттердің бірі болып қала береді. Әсіресе, аймақтардағы жайылымдық жердің мәселесі толық шешілмей отыр.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.