Home Жаңалықтар «Жол апатынан 14 оқушы қайтыс болды»: желіде тараған видеоның мән-жайы анықталды

«Жол апатынан 14 оқушы қайтыс болды»: желіде тараған видеоның мән-жайы анықталды

0
40233

Облыстық полиция департаменті 14 оқушы көз жұмғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Әлеуметтік желіде Жамбыл облысында болған жол апатының видеосы тарап кетті. Ал мәтінде 14 оқушының қайтыс болғаны туралы айтылған. Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Айшабибіде маевкадан қайтып келе жатқан 14 оқушы қайтыс болыпты. Ата-аналар чатына салыңыздар! Балалар ата-ана жанында болсын», – делінген видеоның сипаттамасында.

Жамбыл облыстық полиция департаменті жол апаты 24 мамырда Айша Бибі ауылының жолында болғанын хабарлады.

«Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Таразға қарай келе жатқан Mitsubishi Pajero көлігі BMW-мен соқтығысқан. Жол апатынан BMW көлігінің 19 жастағы жүргізуші мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды», – дейді полицейлер.

Бұдан бөлек, 6 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды