“Аяқталмаған мәселе бар”: Жәнібек Әлімханұлы Альваресті жекпе-жекке шақырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Балаларым үшін қосылуға тырыстым”: Жігер Ауыпбаев бірінші отбасы туралы

“Балаларым үшін қосылуға тырыстым”: Жігер Ауыпбаев бірінші отбасы туралы
Фото: әлеуметтік желіден

Жақында екінші рет отау құрған әнші Жігер Ауыпбаев алғаш рет бұрынғы отбасына қатысты жан сырын бөлісті. Өнер иесі «Уақыт көрсетеді» YouTube арнасына берген сұхбатында ажырасу себептері, балалары және бұрынғы жұбайымен арадағы қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Әншінің айтуынша, алғашқы некесі заңды түрде төрт жыл бұрын бұзылған. Ол бұрынғы жұбайының көпшілік алдына шыққанды ұнатпағанын және уақыт өте келе екеуінің арасында көзқарас қайшылығы пайда болғанын жеткізді.

«Отбасымыз болды. Бірақ түрлі түсініспеушіліктер орын алды. Екеуміз де осылай дұрыс болады деген шешімге келдік. Арамызда төрт баламыз бар. Бұрынғы жұбайым – өте жақсы адам, балаларымызды жақсы тәрбиелеп отыр. Қазір де қарым-қатынасымыз жақсы, хабарласып, сөйлесіп тұрамыз», – деді әнші.

Жігер Ауыпбаев ажырасқаннан кейін бірден жаңа отбасы құрмағанын, үш жарым жыл бойы бұрынғы жұбайымен қайта татуласуға үміттенгенін айтты. Оның сөзінше, бұл шешімге төрт баласының толыққанды отбасында өскенін қалауы себеп болған.

Әнші бұрынғы жұбайымен қайта кездесіп, татуласуға әрекет жасағанын да жасырмады. Айтуынша, бір күні отбасын қайта біріктіруге мүмкіндік туғандай көрінгенімен, бұрынғы жары көп ұзамай қайта кетіп қалған.

Сұхбат барысында Жігер Ауыпбаев ажырасуға қатысты өз болжамын да айтып, үйінен ине, тұз және басқа да күмән тудырған заттардың табылғанын жеткізді. Оның пікірінше, мұның бәрі отбасына сыртқы ықпал болғанын меңзеуі мүмкін. Алайда бұл пікір әншінің жеке көзқарасы екенін және ресми түрде расталмағанын ескерген жөн.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.