WBO президенті: Әлімханұлы жаңа салмаққа ауысқанда бірден міндетті үміткер атануы мүмкін
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қарағандыдағы кен орнында жұмысшы көз жұмды

Қарағандыдағы кен орнында жұмысшы көз жұмды
Фото: altynalmas.kz

«Алтыналмас АК» компаниясына қарасты «Пустынное» тау-байыту кешенінде өндірістік оқиға болып, салдарынан кәсіпорын қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды kznews.kz.

Компанияның мәліметінше, қайғылы жағдай 23 шілде күні «Пустынное» ТБК аумағында тіркелген. Өндірістік оқиға салдарынан екінші сатыдағы ұсақтау корпусының конвейер машинисі қаза болған.

«Екінші саты ұсақтау корпусының конвейер машинисі қаза болды», – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтау үшін уәкілетті мемлекеттік органдар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша өндірістік қауіпсіздік талаптарының сақталуына құқықтық баға берілмек.

«Алтыналмас АК» компаниясы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оның отбасына заңнамада көзделген барлық қажетті әлеуметтік және материалдық қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Компания оқиғаның себептерін жан-жақты анықтауға және тергеу органдарымен толық ынтымақтастық орнатуға дайын екенін жеткізді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.