WBO президенті: Әлімханұлы жаңа салмаққа ауысқанда бірден міндетті үміткер атануы мүмкін
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Жұғысты болсын": Дариға Бадықова желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын айтты

"Жұғысты болсын": Дариға Бадықова желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын айтты
Дариға Бадықова. Фото: ашық дереккөзден

Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында бір отбасының көптен күткен сәбиін дүниеге әкелгенін сүйіншіледі. Оның айтуынша, ерлі-зайыпты бесінші эмбрион көшіру әрекетінен кейін ата-ана атанған, деп хабарлайды kznews.kz.

Бадықова адамдарға көмектесіп, олардың қуанышына себепші болу өзіне ерекше сезім сыйлайтынын жеткізді.

"Балалы болдық, ура! Бесінші подсадка. Адамның бір керегіне жарау, қуанта білу, қиналса қолтығынан сүйеу – менің жүрегіме қатты жақын", – деп жазды ол.

Оның сөзінше, 2025 жылы бір отбасына көмектесуді мақсат етіп, "Мәриям" қорына хабарласқан. Есту қабілеті төмен әрі сөйлей алмайтын ерлі-зайыпты ұзақ уақыт бойы сәби сүйе алмай жүрген. Алғашқы жүктілік сәтсіз аяқталғанымен, дәрігерлер емдеуді тоқтатпай, отбасына қолдау көрсеткен. Нәтижесінде бесінші рет жасалған эмбрион көшіру процедурасы сәтті өтіп, отбасы балалы болды.

"Дәрігерлер "болмады" деп жібере салмай, қайта емдеп, бар күштерін салды. Білікті маман деген осы болар. Міне, бір отбасы балалы болды, шүкір", – деді Бадықова.

Ол бұл жаңалықты естігенде ерекше қуанып, еңбегінің нәтижесін көргеніне марқайғанын жасырмады.

Сондай-ақ Дариға Бадықова балалы болуды армандап жүрген отбасыларға аз да болса көмегі тисін деген ниетпен қорға тұрақты түрде қайырымдылық жасап тұратынын айтты.

"Жабырқаулы жақсы адамдар қуансын. Жұғысты болсын", – деп түйіндеді ол.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер