Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжановтың рақымшылық негізінде мерзімінен бұрын босатылуына қатысты өз көзқарасын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Оның айтуынша, рақымшылық мәселесі қаралған сот отырысына жәбірленуші тарап шақырылмаған. Айтбек Амангелді Байжановтың өтініші бойынша өткен сот процесі туралы өзіне ешқандай хабарлама келмегенін айтып, мұндай шешім қабылдау тәртібіне және оны негіздейтін заңнамалық нормаға наразылық білдірді.
Сонымен бірге ол рақымшылық жасау сотталған адамның кінәсін жоймайтынын ерекше атап өтті.
«Амнистия – адамның кінәсіз екенін білдірмейді. Ол сот үкімінің күшін жоймайды, сотталған адамды ақтамайды және сот анықтаған кінәні жоққа шығармайды. Байжанов бәрібір алты жыл бойы пробациялық бақылауда болатын сотталған адам болып қала береді», – деп жазды Айтбек Амангелді Instagram-дағы сторисінде.
Еске салайық, бұған дейін Бақытжан Байжановқа рақымшылық туралы заң қолданылып, жаза мерзімі қысқартылған болатын. Степногорск қалалық сотының қаулысымен ол мерзімінен бұрын бостандыққа шықты