Тоқтар Әубәкіров жауап берді: қаңтарда Ресей Қазақстанға шабуыл жасады ма?

0
2769
Фото sn.kz сайтынан алынды

Осыған дейін қазақстандық кәсіпкер Ұзақбай Айтжанов Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің Ресей қаңтар айында елімізге қарулы басып кіруді жоспарлап отыр дегенін айтқан болатын, деп жазады kznews.kz сайты 7kun.kz сайтына сілтеме жасап.

Тоқтар Әубәкіровтың өзі Exclusive.kz-тің осы мәселе жайында сұрағына әркімнің өз ұстанымына құқығы бар деп жауап берді.

«Біреу маған сілтеме жасап сұхбат берсе, бұл оның құқығы. Кез-келген адам өзі білуінше түсіндіруге құқылы. Барлығы! Сондықтан мен оның көзқарасын жоққа шығармаймын немесе растамаймын», – деді ғарышкер.