Тоқаев БРИКС елдерін Қазақстандағы жобаларды қаржыландыруға шақырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бибісара Асаубаева Global Chess League турнирінде екінші рет жеңіске жетті

Бибісара Асаубаева Global Chess League турнирінде екінші рет жеңіске жетті
фото: ашық дереккөз

Қазақстан әйелдер құрамасының шахматтан көшбасшысы Бибісара Асаубаева Үндістанның Бангалор қаласында өтіп жатқан Tech Mahindra Global Chess League-2026 командалық турнирінің тоғызыншы турында жеңіске жетті, деп хабарлайды kznews.kz.

FYERS American Gambits командасының сапында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістан өкілі Дивья Дешмухпен кездесті.

Бибісара қарсыласын 4:0 есебімен түрде жеңді.

Осылайша, Бибісараның еншісінде екі жеңіс, төрт тең ойын және үш жеңіліс бар.

Тоғыз турдан кейін FYERS American Gambits командасы турнир кестесінде үшінші орында келеді.

Global Chess League-2026 турнирінің жалпы жүлде қоры – 1 миллион доллар, яғни 454 миллион теңге. Турнир Үндістанда 13 қыркүйекке дейін жалғасады.

Айта кетейік, кеше Бибісара ресейлік Полина Шуваловамен кездесіп, алғашқы ойында алған жеңілісі үшін 3:0 есебімен реванш алды. Осылайша, турнирде алғаш рет жеңді.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.