Тағы бір қазақстандық университет лицензиясынан айырылды

0

Білім және ғылым министрлігі тағы бір қазақстандық университеттің бас лицензиясынан айырды, — KzNews.kz департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің хабарлауынша, Шымкенттегі академик Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті лицензиясыз қалды. Бұл шешім жоғары оқу орнында білім беру саласындағы заңнаманың сақталуын бірнеше рет тексерілгеннен кейін қабылданғаны атап өтілді.

«Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының отырысы аяқталғаннан кейін осындай шешім қабылданды, ол 10 жұмыс күні ішінде заңды күшіне енеді. Осы мерзім ішінде академик Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті сот шешіміне де, министрлікке де шағымдануға құқылы» Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін университетке кезекті жоспарлы тексеру кезінде анықталған заңбұзушылықтарды түзетуге бірнеше рет мүмкіндік берілгені атап өтілді.