Еліміздің бірқатар өңірінде референдумға қатысушылардың белсенділігі ерте таңнан-ақ айқын сезілді, деп хабарлайды Kznews.kz.
Атап айтқанда, Абай, Қостанай және Маңғыстау облыстарында тұрғындар учаскелерге таң сәріден келе бастаған. Салдарынан дауыс беру орындарында ұзын-сонар кезек қалыптасқан.
08:30-дегі мәліметке сәйкес, аталған аймақтарда келушілер саны артып, сайлаушылар легі толастар емес. Учаскелердегі ахуал тұрақты, тұрғындардың көңіл-күйі көтеріңкі екені байқалады.
Желіде тараған фото және бейнематериалдардан азаматтардың ұйымшылдық танытып, бірлік жағдайында дауыс беріп жатқанын көруге болады.
Мұндай белсенділік тек осы үш облыспен шектелмейді. Республиканың өзге өңірлерінде де халықтың саяси науқанға қызығушылығы жоғары екені аңғарылып отыр.