Алматыда Көк Төбеге баратын аспалы жолда ұзын-сонар кезек түзілді. Тұрғындар желіде мұның видеосын жариялап, ұйымдастыру жұмыстарының дұрыс жүргізілмегеніне наразы, деп хабарлайды kznews.kz.
Көрісу күніне орай 14 наурызда Көк Төбеге баратын аспалы жол тегін болды. Бұған дейін әкімдік акция сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін өтетінін хабарлаған еді.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан ұзын-сонар кезек пен аспалы жолға мінуді күтіп тұрған адамдардың қалың нөпірі көрінеді.
Threads желісінде Алматы тұрғыны адамдардың шамамен 2,5 сағат кезекте тұрғанын, адамдар кептеліп, ұрыс-керіс пен тіпті кезеу үшін төбелес шыққанын жазған.
"Біз кезекте 2,5 сағат тұрдық. Адам тығыздығы, қалың жұрт, ұрыс-керіс, тіпті төбелес болды. Кішкентай балалары мен арбасы бар адамдар суықта тұрды. Адамдарға арналған ешқандай ұйымдастыру мен жағдай қарастырылмаған", – деп жазды ол.
Оның айтуынша, соңында көптеген адам аспалы жолға мінбей-ақ кетіп қалған.