Ресейге барған қазақстандықтардан әуежайда жауап алынып жатыр

0

Ер адамдар түрлі сылтаумен қосымша тексерілуде, деп хабарлайды kznews.kz сайты Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Блогер Денис Кривошеевтің айтуынша, адамдар кем дегенде 2-3 сағат тұрып қалады. Олардан жауап алынып, телефондарының ішіндегісін көрсетуді талап ететін көрінеді. Жалпы, осы заңсыз әрекеттер сұрақ туғызып жатыр.

«Мәскеуге барған жолаушылар маған жазып жатыр. Маған жазған адамға сондағылар жеке куәлігіндегі чип дұрысталмаған депті», — дейді Кривошеев.

Азаматтар төлқұжат арқылы сәйкестендіруді тапсыруғады ұсынса, ондағылар төлқұжатты тексеру үшін алып кететінін айтқан.

«Жалпы одақтас мемлекеттің азаматтарына қатысты заңсыз әрекеттер сұрақтар туғызады. Мәскеу Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің азаматтарының шекарадан өтуінің жаңа ережелерін жариялады ма? Меніңше, Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясына нота жолдауы керек, ал Ресейдің Қазақстандағы елшісін консультацияға шақырған дұрыс», — деп атап өтті блогер.