Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі Астанада өтеді – БАҚ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі Астанада өтеді – БАҚ

Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі Астанада өтеді – БАҚ
ашық дереккөзден

Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі Астана қаласында өтеді, деп хабарлайды SMARTNEWS.KZ.

Марқұмның жақындары қаралы жиындардың уақыты мен өтетін орнын хабарлады. Туыстарының әлеуметтік желідегі мәліметінше, Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі 25 маусым күні сағат 19:00-де "Гауһартас" банкет залында өтеді. Мекенжайы: Е. Серікбаев көшесі, 11.

Ал жаназа намазы 26 маусым күні сағат 10:00-де Мұса Жалел көшесі, 93 мекенжайында орналасқан Шейх Құнта қажы мешітінде оқылады.

Сол күні сағат 11:00-де "Бастау" банкет залында ас беріледі. Өтетін орны: Дмитрий Карбышев көшесі, 50.

Еске салайық, Ербаян Мұхтардың қайтыс болғаны 24 маусымда белгілі болды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өлімнің тікелей себебі ауыр бас-ми жарақаты мен одан кейінгі асқынулар салдарынан дамыған көп ағзалық жеткіліксіздік болған.

Ұлттық ұлан сарбазының жағдайы қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Ербаян 2023 жылдан бері әскери қызмет кезінде алған жарақатынан кейін ауыр хәлде жатқан. 2024 жылдың қыркүйегінде құқық қорғаушылар мен бейжай қарамаған азаматтардың көмегімен Түркияға емделуге жіберілген. Кейін отбасы оны шетелде емдетуді жоспарлаған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер