«Қош келдің 43 жас»: Алтынай Жорабаева туған күнін қалай атап өтті (видео)

0

Отандық танымал әнші Алтынай Жорабаева 43 жасқа толды. Көпбалалы әртісті алғашқылардың бірі болып өз жанұясы құттықтаған. Олар туған күн иесіне түнде тосын сый жасап, оны қатты қуантқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жорабаева отбасы өзін қалай құттықтағанын Instagram парақшасында көрсетті. Әншінің қыздары оған дәмді торт әзірлесе, жолдасы үйге гүл шоқтарымен келген. Сонымен қатар, отағасы жан жарына су жаңа Iphone ұялы телефонын тарту еткен. Мұндай тосын сыйды күтпеген өнер иесі барша жақындарына және желіде тілек айтып жатқан жандарға өз алғысын білдірді. «Алланың қалауымен қош келдің 43 жас. Барлық мақтаулар мен мадақтар тек бір Аллаға ғана тән. Аллама сансыз шүкірлер. Әкем мен анама, бауырларыма, отбасыма, бала-шағама, туған-туысыма, дос-жарандарыма, оқырмандарыма мың алғыс. Менің өмірімде бар болғандарыңыз үшін Алла баршаңыздан разы болсын! Маған тілеген тілектеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын. Алла разылығы үшін жақсы көремін барлығыңызды», — деп жазды Жорабаева.

https://www.instagram.com/altynaizhorabayeva/?utm_source=ig_embed&ig_rid=97022605-348b-46f5-8169-c36dc553db49