Асхат Аймағамбетов: Мектеп отбасының орнын толық алмастыра алмайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қақаған аязда нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған: Семейде полицейлердің адам шошырлық ісі әшкере болды

Қақаған аязда нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған: Семейде полицейлердің адам шошырлық ісі әшкере болды
фото: ашық дереккөз

Семейде жаңа туған нәрестені қоқыс жәшігіне лақтырып тастаған экс-полицейлерге қатысты сот ісі жүріп жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Биыл 3 ақпан күні Абай облысының Полиция департаменті қоқыстан шақалақтың денесі табылғанын хабарлаған еді. Артынша сәбиді босанған 20 жастағы бойжеткен мен оның жігіті күдікті ретінде ұсталды.

Тергеу барысында қыз баланың сәбиді үйіндегі дәретханада отырып босанғаны белгілі болды. Сол кезде ол нәресте өлі туғанын айтқан. Ал сүйіктісі болса, сәбиді өз қолымен қоқыс контейнеріне апарып тастағанын мойындаған.

Іс сотта қарала бастағанда оқиғаның адамшошырлық құпиялары ашыла бастады. Сот материалдарына сәйкес, 2005 жылы туған қыз бен 2000 жылы туған ер адам 2025 жылдың қаңтарынан бастап кездесе бастаған. Кейін бойжеткеннің аяғы ауырлайды, бірақ жүктілігін жігітінен жасырған.

2026 жылы 3 ақпанда түнгі сағат 02:00 шамасында оның іші ауырып, толғағы басталады. Өзге қыздармен пәтерде бірге тұратын бойжеткен әжетханасында ешкімге көрсетпей босанған. Шақалақ дәретхана тесігіне түсіп кеткен. Содан кейін ол жігітіне қоңырау шалып, шақырып алады. Ер адам келіп, нәрестені әжетханадан алып, дауысын шығармай сүлгіге орап, қақаған суықта Ломоносов көшесіндегі қоқыс жәшігіне лақтырып кетеді. Бала сол түні үсіп өлген.

Прокурор қыз бен жігітке қандай жаза сұрады

Мемлекеттік айыптаушы 2005 жылы туған әйелді ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы бойынша кінәлі деп танып, оған екі жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сонымен қатар прокурор 2026 жылғы 1 шілдедегі рақымшылық туралы заңға сәйкес оны жазадан босатуды өтінді.

2000 жылы туған ер адамды ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сондай-ақ прокурор екі сотталушыны да арнайы полиция шенінен айыруды сұрады. Жәбірленушінің заңды өкілі соттан әділ жаза тағайындауды өтінді.

Сотталушылардың қорғаушылары олардың әрекеттерін ҚР ҚК-нің 104-бабы бойынша қайта саралауды және осы бап бойынша жаза тағайындауды сұрап отыр.

Қыз бен жігіт өздеріне тағылған айыпты толық мойындамай, соттан ақтауды сұрады.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.