«ҚазМұнайГаздың» елден не жасырғаны бар?

0
29

«Акцияларды сату арқылы байлығын халықпен бөлісетін» «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) Түркиядағы мемлекеттік активпен не болып жатқанын әлі ешкімге айтпады, халық хабарсыз, — деп жазды Protenge телеграм-арнасы.

Түркияда Эгей теңізінің жағасында сәнді Kempinski Bodrum қонақ үйі орналасқан. Ол 75%-ға «ҚазМұнайГаз-Сервис» мемлекеттік ЖШС-не тиесілі. Қазақстан бұл қонақүйді 2006 жылы сатып алған және 2015 жылдан бастап осы бейінді емес активті сатуға тырысып жатыр.

Біз ҚМГ-дан қонақүйді неге осы уақытқа дейін сатпағанына қызығушылық таныттық.  Объектіні бағалау жұмысы жүріп жатыр деп қысқа қайырды. Ал кейін «ҚазМұнайГаз» Түркиядағы өз активін бақылай алмай жатқаны кездейсоқ белгілі болды. 

2016 жылдан бастап ҚМГ Ауѕіг Turizm компаниясын басқаруға жіберілмейді. Дәл осы компания Kempinski Bodrum қонақ үйінің заңды иесі болып табылады және ол 75% Қазақстанға, ал 25% Түркия азаматтарына тиесілі. 
 
2016 жылдан бастап Түркияда сот процесі жүріп жатыр. Сот арқылы ҚМГ өз активін басқара ала ма? Биылғы жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ғы мәселеге араласты. Ал ол ҚМГ-ның «анасы» болып саналады. Қор Түркиядағы дипломаттарымыздан көмек сұрасаған. Бірақ нәтиже жоқ!

«ҚазМұнайГаз-ға» енді халық сене алмайтын сияқты, себебі олар шынайы жауап беруден жалтарып жүр.  Сондықтан мәселенің анық-қанығын «Самұрық-Қазынадан» сұрауды жөн санадық. Неге ҚМГ шетелдегі мүлкін басқара алмайды? Бұл қазақстандықтардан өз акцияларына өтінімдер жинай бастаған ҚМГ IPO-ға қалай әсер етеді?

«Самұрық-Қазына» мына сауалдың барлығына 21 қарашада жауап беруі керек еді. Бірақ үнсіз. Әзірге бізде мынандай болжамдар ғана бар:

Электронды жауаптарға қол қойған қаламынан айырылды.
Ақылға қонымды түсініктеме бере алмады.
«Қазмұнайгазды» бақылаудан шығарып алдық.

Фото: ntime.kz
Ақпарат: @protenge телеграм-арнасы