278 млрд доллар: импорт иірімі жұтқан қаржы Ұлттық қорды орап ала ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Таразда мектеп оқушысы соққыға жығылып, көзінен айырылды

Таразда мектеп оқушысы соққыға жығылып, көзінен айырылды
Фото: sn.kz

Тараз қаласындағы гимназиялардың бірінде үзіліс кезінде 10-сынып оқушысы қатыгездікпен соққыға жығылып, ауыр халде ауруханаға түсті, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Зардап шеккен 15 жастағы жасөспірімге шұғыл ота жасалған. Анасы Зухра Каримованың айтуынша, баласының көзі қатты зақымданып, дәрігерлер оны сақтап қалу үшін күрделі операция жасаған. Қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр, алдағы 10 күн шешуші кезең болмақ.

Оқиға мектептегі ұлдарға арналған киім ауыстыратын бөлмеде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімді 9-сынып оқушылары алдап сол жерге кіргізген. Бейнебақылау жазбаларынан жанжалдың бірден төбелеске ұласқаны байқалады.

Куәгерлердің сөзінше, жәбірленушінің досы көмектеспек болғанымен, оны жібермей ұстап тұрған. Сол сәтте оқушыны бас тұсынан ұрып-соққан. Оқиғадан кейін ол өздігінен бөлмеден шыға алған.

Ауыр жарақат алған жасөспірім қазір кейбір жайттарды есіне түсіре алмайды. Анасының айтуынша, ол шабуыл жасағандардың қолында темірге ұқсас зат болғанын айтқан.

Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Іс “денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бабы бойынша тергеліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.