Қазақстандық миллионер Алижан Ибрагимов қайтыс болды

1

Белгілі кәсіпкер және Eurasian Resources Group акционері Алижан Ибрагимов қайтыс болды. Ақпаратты ERG баспасөз қызметі растады.

Алиджан Ибрагимов — ERG компаниясының ірі акционері.

1953 жылы 5 маусымда Өзбекстанда дүниеге келген. Үйленген, алты ұлы бар, Қазақстан азаматы.

2020 жылдың маусымында Алижан Ибрагимов COVID-19-қа қарсы күресте «Жаңа Павлодар» қоғамдық қорына 100 миллион теңге көлемінде қайырымдылық жасаған алғашқы ірі бизнестің өкілі болды. Директорлар кеңесінің мүшесі дәл осындай соманы Алматы қорына да жіберген.

Алиджан Ибрагимов 1974 жылы Мәскеудің малдәрігерлік академиясын өндірісті ұйымдастыру және өнеркәсіптік тауарлар саудасы экономисі мамандығы бойынша бітірген.

Ол экономист және бірқатар жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының бастығы болып жұмыс істеді. Ол «Невада-Семей» АҚ-ның бас директоры, басқарма төрағасы, кейін президент болды. 1995-2000 жылдары — Еуразиялық банктің директорлар кеңесінің төрағасы.

2001-2007 жылдары — Қазақстанның тау-кен металлургия өнеркәсібінің флагмандарын біріктірген Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық төралқасының мүшесі, 2002-2007 жылдары «ТНК Қазхром» АҚ басқарды, директорлар кеңесінің төрағасы болды.

Ол Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды. III дәрежелі «Парасат» және «Барыс» ордендерімен марапатталған. Сондай-ақ, оның бизнесті дамытуға және патронатқа қосқан үлесі үшін үкіметтік наградалар мен басқа елдердің қоғамдық ұйымдарының ордендері бар.