Қазақстанда жаңа жәрдемақы пайда болады. Оған 55 миллиард теңге бөлінеді

0

Қазақстанда жәрдемақының жаңа түрі пайда болады. Ол бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасайтын азаматтарға төленеді, деп хабарлайды Liter.kz.

Депутат Жанат Омарбекова заң жобасы бойынша жұмыс барысында депутаттар мүгедектік тобына тағайындалған мүгедек балаларға көтерілген жәрдемақыны тағайындау мерзімдерін анықтауға, күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау тәртібін жеңілдетуге бағытталған түзетулер енгізгенін айтты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заң жобасы бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасайтын азаматтарға — мүгедектік себептеріне қарамастан жеңілдіктер енгізуді көздейді деп мәлімдеді.

Министрліктің мәліметінше , бірінші топтағы 66 мың мүгедектің ішінен әрбір үшінші адамға күтіміне байланысты жәрдемақы да, жеке көмекшінің қызметі де берілмейді. Заң жобасын қабылдау нәтижесінде күтім бойынша жәрдемақы қосымша күтімді қажет ететін қосымша 24 мың адам ала алады.

Жалпы алғанда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021-2023 жылдарға арналған заң жобасының нормаларын жүзеге асыруға 55 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отыр .