Әнші Мейрамбек Беспаев жас өнер иесі Еркеш Хасенге автокөлік сыйлады. Бұл туралы Еркештің өзі әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.
Оның айтуынша, бұл ұсыныс «CoverShow» бағдарламасынан кейін басталған. Бағдарлама барысында Мейрамбек Беспаев оның көлігі бар-жоғын сұрап, кейін бұл мәселені қайта көтерген.
Бағдарлама аяқталған соң әнші Еркешке көмектескісі келетінін айтып, карта нөмірін сұраған. Нәтижесінде, көп ұзамай оған жаңа көлік алып берген.
Еркеш Хасен бұл сыйды үлкен құрмет ретінде қабылдап, алғысын білдірді.