Домой Жаңалықтар Қазақстанда қанттың соңынан күріш қымбаттамақ

Қазақстанда қанттың соңынан күріш қымбаттамақ

0
365
Елде қант соңынан күріш те қымбаттауы мүмкін. Өйткені, бір жыл ішінде жарма құны 30%-ға өсті, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі дабыл қағуда. Бағаны тұрақтандыру үшін ведомство осы өнімнің экспортын шектеуді жоспарлап отыр.

Монополияға қарсы қызметкерлер өз кезегінде әлеуметтік маңызы бар өнім бағасын өндірушілердің қолдан жасап отырғанын айтады. Алайда фермерлер керісінше дейді. Әлемдік инфляцияға, жанар-жағармай бағасына, электр энергиясы мен тыңайтқыштар құнының өсуіне байланысты қазір өндіріс оларға екі есе қымбатқа түсетін көрінеді. Сондықтан күріш құны өсіп жатыр. Бірақ нарықта жарма тапшылығы болмайды деп өндірушілер уәде беріп отыр.

“2021-2022 жылғы ескі маусымдағы күріш қоры тамыз айының соңына дейін жетеді. Бірінші қыркүйектен бастап ішкі нарықты, сондай-ақ шетелдік серіктестерді күрішпен толық қамтамасыз ететін жаңа өнім түсімі күтілуде”, – дейді күрішті өндірушілер және өңдеушілер қауымдастығының төрағасы Сағидолла Сыздықов.