Алматыда нәрестесімен курьер болып жұмыс істеген әйелдің отбасы Шымкентке қайтты. Бұл туралы Ееңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Туяқбаев мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Әлеуметтік желілерде тараған әйелдің суреті қоғамда үлкен резонанс тудырды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаевтың айтуынша, қыз 19 мамырда жұбайымен және баласымен бірге Шымкенттен Алматыға көшіп келген. Оның сөзінше, туған қаласында олардың жағдайы жақсы болған.
Ербол Туяқбаевтың айтуынша, министр айтқан деректер жеке дерек болып есептелмейді, сондықтан Аскарбек Ертаев заң бұзды деп есептелмейді.
Вице-министр сондай-ақ қазір отбасының Шымкентке қайтып, ата-аналарымен бірге тұрып жатқанын айтты.
— Бұл жарияланым шыққаннан кейін біз Алматы қаласының әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы дереу әрекет еттік. Олар отбасымен кездесіп, үйіне барып, жұмысқа орналастыру бойынша шаралар ұсынды. Бірақ отбасы одан бас тартты. Олар өз еркімен Алматыдан кетіп, қазір Шымкентте бұрынғыдай ата-аналарымен бірге тұрып жатыр, — деді Туяқбаев Сенаттағы брифингте.