БЖЗҚ кірісі: Ұлттық банк "екі шоқып, бір қарап" отыр ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы облысында өртенген күйі табылған полицейді жақындары жер қойнына тапсырды

Алматы облысында өртенген күйі табылған полицейді жақындары жер қойнына тапсырды
Фото: Видеодан скрин

Полицияда 15 жылдан астам еңбек еткен Аслан Әлсеровты туыстары ақтық сапарға шығарып салды. Марқұмның көршісі Асланның отбасы туралы айтты, деп kznews.kz  тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұмның мәйіті күні кеше Кеген ауданының таулы аймағынан қол-аяғы байлаулы, өртенген күйінде табылған. Мамандар, оқиға Алматы қаласында болған дейді. Қазір күдікті ретінде 15 жыл отауласқан жұбайы, кәмелетке толмаған ұлы мен оның досы қамауға алыныпты.

Асқан жауыздықпен жасалған қанды қылмыс пәтерде болған, дейді көрші-қолаң. Мұнда марқұм отбасымен бірге тұрыпты. Қазір есік мөрленген. Көршілер қаза тапқан Аслан мен жанұясы туралы бірде-бір жаман пікір айтпады. Сол күні де ешқандай айқай-шу естімепті. Тіпті қылмыс болғанын полиция қызметкерлері жауап алуға келгенде ғана білген.

“Бізге бір полиция бала келіп, ана немерем 33-те, содан сұраған. "Сендер қашаннан тұрасыңдар, кеше естідіңдер ме?"  деп. Ол жұмыстағы кісілер, мен де ештеңе естіген жоқпын. Тым-тырс. Ылғи да жұмыста. Анда-санда балконнан балаларын көремін. Түк те білмейміз. Кеше қайғырып қалдым. Әп-әдемі, сондай кісілер. Келіншегі де, өзі де”, – дейді отбасының көршісі.

37 жастағы марқұмның жеті баласы бар екен. Қара жамылған Асланның туыстары қазір тілшілермен тілдесетін жағдайда емес. Ал Облыстық полиция департаменті сұмдық жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

“23 маусымда полицияға таулы аймақтан мәйіт табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Қаза болған адамның жеке басы анықталды. Оның полиция қызметкері болғаны расталды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер, оның ішінде марқұмның жұбайы мен ұлы ұсталды. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға Алматы қаласында болған”, – дейді Алматы облысының  полиция департаменті.

Күні кеше Алматы облысында айдаладан полицейдің өртенген денесі табылған еді. Ер адамның денесі Көкпек – Көктал – Кеген тасжолынан шамамен 400 метр қашықтан табылған. Өртеніп жатқан денені мал іздеп жүрген шопан байқап, полицияға хабарлаған. Мәйіт түгелдей жанып кеткен. Ал оң қолынан өртенген арқанның қалдықтары табылған. 

Тергеу дерегінше, қылмыс полицейдің Алматы қаласындағы пәтерінде жасалған болуы мүмкін. Кейін қылмыстың ізін жасыру үшін мәйітті өртеген.

Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі Алматы облысы полиция департаментінен мән-жайды сұрады. Олардың мәліметінше, қазір марқұмның жұбайы мен ұлы күдікке ілінді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.