Домой Жаңалықтар Мұхамеджан Тазабек орыстардың қазақ қыздарын төсекке сүйреу тренингін тоқтатауға шақырды

Мұхамеджан Тазабек орыстардың қазақ қыздарын төсекке сүйреу тренингін тоқтатауға шақырды

0
2282

Белгілі ақын Мұхамеджан Тазабек Алекс Леслидің атышулы тренингін тоқтату үшін бастама көтерді. «Депутаттарға жазайық, ағайын!» «Мәлімдеме жасасын, тиісті орындар тоқтатсын!» деп отыр. 

Бұл туралы Мұхамеджан Тазабек өзінің инстаграмдағы парақшасында жазба қалдырды.

«Менің қолыма камера алғызып, мені уайымдатып тұрған жағдай бар. Ол — 19 қараша күні Алматы қаласына арнайы келе жатқан көрші елдің бүлікші блогері жайында. Алекс Лесли деген адам Алматыға келіп, Қазақ қыздарын жауапсыз төсек қарым-қатынасына үйрету үшін, қазақ қыздарының ар-ұятын қалай оңай таптауға болатынының бүкіл үлгісін көрсету үшін келе жатыр екен. «Жаман үйді қонағы билейді» ғана емес, осы елге келіп бүлік салып, біздің ең қымбатты болған қыздарымыздың ар-ұятын аяққа таптатуға келе жатқан адамға барынша қарсы тұрып, оның жолын кесуіміз керек. Жігіттеріміздің ар-ұяты, айбыны азайған сайын осындай басынушылар көбейіп кетеді.
Әрқайсыңыз төңірегіңізге даусыңыз бен сөзіңіз жеткенше бұл нәрседен сақтандыруға шақырамын», – деді ол.

«Қызыңды қорлаймын десе үніміз шықпайды, қатыныңды зорлаймын десе дымымыз шықпайды… Жаттың жаулауы мен бөтеннің бұзықшылығына мәу демейміз… Қайдасың коменттің командирлері мен дизлайктің дивизясында жүргендер?!», – дейді.

Жазбадан өзге инстаграмдағы тарих бөлімінде де осы туралы айтты. «Қызыңның арын таптап, қызығын жат көрмекші» «Қазақ қызы ойы бұзықтың ойыны болатындай, қаны бұзықтың қойыны толатындай не басымызға күн туды?!», – деп жазған.

Айта өтейік, Алекс Лесли лақап атымен танымал Александр Куриллов 19-27 қараша аралығында Алматы қаласында қыздарды арбау техникасы бойынша тренинг өткізетінін мәлімдеген. Сондай-ақ, «Еліктіру бойынша танымал тренинг Қазақстанда, көшеде әдемі қыздары көп Алматыда демалыс пен қыздарды арбауды үйлестірудің ең тиімді нұсқасы», – деген хабарландыруда.