3 айда - 3 пайыз: Бірінші тоқсандағы экономикалық өсім нені білдіреді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда алдағы үш күнде -18 градусқа дейін суытады

Қазақстанда алдағы үш күнде -18 градусқа дейін суытады
Фото: worldtribune.org

"Қазгидромет" РМК 16–18 сәуірге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, 16–18 сәуір аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райына екі барикалық түзілім әсер етеді: батыстан шығысқа қарай жылжитын циклон тұрақсыз ауа райын қалыптастырып, жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақыттарда қатты жауын-шашын әкеледі. Кезеңнің соңына қарай республиканың солтүстік, шығыс және орталық өңірлері солтүстік антициклонның ықпалына өтіп, соған байланысты ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Қазақстан бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі байқалады, ал солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда көктайғақ болуы мүмкін.

Кезеңнің басында солтүстікте түнгі ауа температурасы -1…-8°С дейін, күндіз +1…+8°С дейін төмендейді. Кезеңнің соңында шығыста түнде -2…-18°С дейін, күндіз 0…+13°С шамасында болады. Елдің қалған аумағында температуралық фон айтарлықтай өзгермейді.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі