Кесоянның отбасын қазақтар құтқарған

0
438

Қазақстанға сес көрсеткен ресейлік пропогандист Тигран Кеосаянның отбасын Қазақстанға депортация кезінде қазақтар құтқарған, — деп хабарлайды kznews.kz жаңалықтар порталы orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Желіде Тигран Кеосаянның отбасы туралы деректер пайда болды. Видео авторының айтуынша, Кеосаяндар жанұясы Ақмола облысына жіберілген.

– Соғыстан кейін елімізге жер аударылған қаншама адамдарға көмектескен біздің Қазақстан үшін және біздің қазақтар үшін өкінішті. Енді мен сендерге фото көрсеткім келеді. Мына фотода кім бейнеленгенін білесің бе? Өйткені, ол кезде туған әжең де, әкең де, ағаң да бізбен бірге Қазақстанда, Ақмола облысында, Васнеценко ауылында тұратын. Олар біздің облысқа жіберілген. Ата-бабаң, ата-анаңның өскен жерін ұмытпауың керек. Біздің Қазақстан туралы сонша жаман сөздер айттың. Сенің эфирде өрекпіп сөйлегенің, ата-баба тағдырын білмегенің… Өкінішті, – деді автор.

Видео авторы Кеосоянға жауап ретінде оның жанұясына қазақтардың қалай көмектескенін айтып берді.

– Менің ойымша, сен танып отырсың. Сенің отбасың осы Васнеценко ауылында тұратын отбасымен дос болды. Әжеңді екі ұлымен осы жерге жіберген. Сол бір сұрапыл жылдарда қоныс аударушыларға көптеген қазақтар көмектесті. Олардың ішінде шешендер де, ингуштар да, кәрістер де бар. Көптеген ұлттар қуғынға ұшырады. Біз олардың барлығының осы сұрапыл, қиын жылдарда аман қалуына көмектестік. Көпшілігі бізбен бірге Қазақстанда тұрып, Қазақстанды екінші Отаным деп санайды, – деп түйіндеді автор.

(Фото otvet.mail.ru)