Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі Астанада өтеді – БАҚ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Павлодар облысында бортында 13 адам бар тікұшақ апатты жағдайда қонды

Павлодар облысында бортында 13 адам бар тікұшақ апатты жағдайда қонды
Фото: kazaviaspas.kz

Павлодар облысында "Қазавиаспас" АҚ МИ-8 АМТ тікұшағы апатты жағдайда қонды. Көлік министрлігінде оқиғаны растады, деп хабарлайды kznews.kz.

- 2026 жылғы 24 маусымда Павлодар облысындағы Заря елді мекенінің маңында Ми-8 АМТ тікұшағы (тіркеу нөмірі UP-MI872) апатты жағдайда қонды. Бұл әуе кемесі «Қазавиаспас» АҚ-ның пайдалануында болған. Ұшудың мақсаты — іздестіру-құтқару жұмыстары (жоғалған адамды іздеу) еді. Әуе кемесінің бортында 13 адам болған: 5 экипаж мүшесі және 8 жолаушы. Авиациялық оқиға салдарынан қаза тапқандар жоқ. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы мәліметтер нақтылануда, – деп хабарлады ведомство.

Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаменті бұл жағдайдың себептері мен мән-жайын тексеріп жатыр. Мамандар оқиға орнында тергеу кезеңін жүргізіп, деректерді жинауда.

ТЖМ хабарлауынша, тікұшақ балық аулау кезінде мотоцикл аударылып, аяғын жарақаттап алған 76 жастағы ер адамды іздеу жұмыстарына тартылған. Іздеу операциясы шамамен бір тәулікке созылып, нәтижесінде ер адам табылып, оған қажетті медициналық көмек көрсетілген.

- «Қазавиаспас» АҚ-ның тікұшағы Байдалы ауылының маңындағы егістік алқапта мәжбүрлі қону жасады. Бортта экипаж мүшелері мен құтқарушылар болған. Борттағы барлық адамдар тірі, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, – деп хабарлады ТЖМ.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі