«Біреу тойып, біреу тонып секіреді»: Бірнеше күн тамақ ішпеген бүлдіршіндер мен «именной вино» сыйға тартқан қоғам белсенділері
Самал Ибраева атты Facebook қолданушысы әрі журналист әлеуметтік желіде екі өмірге қатысты ойын фотолар арқылы жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
«Біреулер тойып секіреді, біреулер тонып секіреді…
Бірінші фотода — Павлодарда бірнеше күн бойы тамақ ішпей аш қалған бүлдіршіндер.
Екінші және үшінші фотода Болат Абилов пен Ерлан Нығматуллиндер бір біріне «именной вино» сыйға тартып, осылай ет жеп, асыр салып өмір сүріп жатқан жерінен қысқа ғана көрініс. Қанды қаңтар жоспарларын бұзса керек. Абилов мырза алаңға жүгіріп келіпті. Ең бастысы, халық осы екіжүзділікті айырып, енді алданбаса болғаны», — деп жазды ол.