Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті (КҰҚК) биылғы жылдың басынан бері елде діни радикалддарды, терроризм және экстремизмге қатысты қылмыстар үшін 17 адамның сотталғанын хабарлады, деп хабарлайды kznews.kz.
Олардың қатарында Алматы қаласының тұрғыны бар. Ол 2017 жылы шетелге кетіп, халықаралық террористік ұйымдар жағында соғысқан. 2025 жылы шетелде шетелдік арнайы қызметтердің көмегімен ұсталып, Қазақстанға жеткізілді. Сот оны 8 жылға бас бостандығынан айырды.
Тағы бір сотталған – Көкшетау қаласының тұрғыны. Ол 2013 жылы елден шығып, интернет арқылы терроризм мен діни экстремизм идеологиясын таратқан. Ол да шетелде ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды. Сот оған 9 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сонымен қатар, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақмола және Ұлытау облыстарында террористік әрекетке қатысы бар деген күдікпен алты діни радикал ұсталды.
Бұдан бөлек, төрт сотталғанға жаңа айыптар тағылды. Тергеу деректеріне сәйкес, олар басқа сотталғандар арасында және интернетте экстремистік материалдар таратып, зорлық-зомбылыққа шақырған.
Аталған фактілер бойынша діни алауыздықты қоздыру және терроризмді насихаттау баптары бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.