«Өзіміздің» мұнай: мұнайдан түскен табыс кімнің қалтасына кетіп жатыр?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Рейсте жүкті әйелдің жағдайы күрт нашарлап, ұшақ әуежайға қайтып келді

Рейсте жүкті әйелдің жағдайы күрт нашарлап, ұшақ әуежайға қайтып келді
Фото: ашық дереккөзден

Астана - Орал бағытындағы рейсте жүкті әйелдің жағдайы күрт нашарлап, ұшақ қайта оралуға мәжбүр болды, деп хабарлайды kznews.kz FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 2026 жылдың 18 наурызында болған. Компания мәліметінше, ұшу кезінде жүктіліктің 27-аптасында болған жолаушының жағдайы күрт нашарлаған.

"Борттағы жолаушылар арасынан екі дәрігер экипаж дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жолаушының жағдайы мен дәрігердің нұсқаулығын ескере отырып, әуе кемесі командирі ұшып шыққан әуежайға қайту туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Ұшақ қонғаннан кейін жолаушы жедел медициналық қызмет мамандарына тапсырылды. Кейінірек экипажға ұл баланың дүниеге келгендігі хабарланды. Қазіргі уақытта нәресте дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

FlyArystan әуекомпаниясы бортта көмек көрсеткен медицина қызметкерлеріне, кәсіби шеберлігі мен үйлесімді әрекеті үшін экипаж мүшелеріне, өзгеріске түсіністікпен қарап, қолдау көрсеткен жолаушыларға алғыс білдірді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.