Бәрі шіріп кеткен: Дәрігер 4 жасар баланың 18 тісін жұлып тастауға мәжбүр болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Таиландта тіс дәрігерлері 4 жасар баланың 18 тісін жұлып тастады. Баланың тістерінің бәрі шіріп кеткен екен.

Бәрі шіріп кеткен: Дәрігер 4 жасар баланың 18 тісін жұлып тастауға мәжбүр болды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

9 сәуірде 4 жасар Нонг Кааның тісі ауырып, клиникаға жеткізілген. Оның анасы Супатра Тумклин бұрын ұлында асқазан тұмауы болғанын және дәрігерлердің дертті соя сүтімен емдеуге кеңес бергенін айтқан.

«Сүтті алмастырғаннан кейін тістері сарғая бастады. Тісін тазалауға тырыстым. Бірақ тазарту мүмкін болмады», — дейді әйел. 

Оның сөзінше, ұлының тісін тазалаған сайын қызыл иегі қанап, ауырған екен. Сол кезде Тумклин шіріген сүт тістері түсіп, орнына жаңа тіс шығады деп ойлаған. Алайда біраз уақыт өткен соң Каа тісінің қатты ауыратынын айта бастапты. Салдарынан дәрігерлер оның 18 тісін жұлып тастады.

Дәрігердің сөзінше, баланың тісінің шіруі оның өміріне қауіп төндіруі мүмкін еді. Себебі қауіпті инфекция пайда болуы мүмкін, дейді.

Дәрігерлер ата-аналарды балаларының тісін мұқият бақылауға шақырды.

stan.kz