Home›Жаңалықтар›Баян Алагөзова: Бұйырса немереммен бірге қысқа белдемше киіп қыдырамын
Баян Алагөзова: Бұйырса немереммен бірге қысқа белдемше киіп қыдырамын
20 Қазан, 2021, 12:27
0
47 жастағы Баян Алагөзоваға жұрт «қысқа кидің» деп жиі ұрсады. Алайда продюсер елдің сөзіне мән бермейді. Бастысы өзіне ұнайды, дене бітімі сай келеді. Әйтсе де, елдің сөзінен шаршаған Мақсатқызы бұл мәселемен психологқа жүгінгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Алагөзова Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Неліктен әлі күнге дейін биологиялық жасымды қабылдай алмаймын? Менде қандай да бір проблема бар ма?” – деп психологтан сұрадым. Өзімді апа сезіне алмаймын, сезінгім де келмейді, біреуге ақыл айтып, үлгі болған, жалған кейіп жасаған ұнамайды.
Психологтың жауабы: «Баян, шын мәнінде, көптеген әйелдер жастарша өмір сүргісі келеді, бірақ оны қалай жасарын білмейді, сізге бұл табиғаттан берілген».
Қысқасы, табиғаттан берілсе, оған қарсыласып қайтемін? Қысқа белдемше мен шорты кигенде өзімді ыңғайлы сезінемін. Сіздердің «неге?» деген сұрақтарыңыздың мен үшін негізі жоқ.
Мен солай қалаймын, маған солай ұнайды. Мүмкін 60 жасқа келгенде басыламын, ал мүмкін бұдан да асқынып кетер? Бұйырса немереммен бірге қысқа белдемше киіп қыдырамын», – деп жазба қалдырды ол.
Оқырмандары продюсерді қолдады.
«Дене бітіміңіз сай келіп тұрса, неге кимеске?» «Сіз сияқты жасын мойындағысы келмейтіндер көп арамызда», «Әдемі тұрса болды, жұрт не десе о десін», «Сіз өзіңіздің рахатыңыз үшін өмір сүресіз», «Талғамыңыз жоғары, өзіңізге жарасады», «Сізбен келісемін, жаның жас болса, неге кимеске?», «Несіне ақталасыз?» – деп жазды олар.