Ажырасқанын, баласы әкесін іздемейтінін жария қып отыратыны несі – Абзал Құспан

0
Адвокат Абзал Құспан әншілер туралы жаңалықтарды жариялайтын сайт туралы айтып, одан кейін Мөлдір Әуелбекова туралы айтты.
Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Мөлдірдің әншілігін де, адамшылығын да жоғары санаймын, тұрмыста жолы болмай жүргені өкінішті!
Намазхандар өзгені алдаса да, Құдайды қалай алдайды, жасаған құлшылықтары өтірік боп тұр ма», — деп пікір білдірген оқырманға Абзал Құспан былай деп жауап берді:
«Ақылы аздау ма деймін, әйтпесе бір емес, екі емес күйеуімен қашан ұрысып, қалай кетісіп, одан қайта келгенін, одан ажырасқанын, баласы әкесін іздемейтінін т.б. бәрін журналистерге жария қып отыратыны нес?», — деді адвокат Абзал Құспан.