Алматылықтардың үрейін алған "қайыршы" жасөспірімдерді полиция ұстады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістан облысында сәбиді 800 мың теңгеге сатпақ болған ана ұсталды

Түркістан облысында сәбиді 800 мың теңгеге сатпақ болған ана ұсталды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында 23 жастағы әйел жүктілігінің соңғы айларында әлеуметтік желі арқылы болашақ сәбиін сатып алғысы келетін адамдарды іздеген. Ол сәбиді 800 мың теңгеге сатпақ болғаны анықталды. Жедел іздестіру шаралары барысында құқық қорғау органдары оның заңсыз әрекетін дер кезінде анықтап, барлық дәлелдерді жинақтап, күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды kznews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістандық әйел босанғаннан кейін үш күндік нәрестені ақшаға бермек болған сәтінде ұсталды. Полицейлердің жедел әрі кәсіби жұмысының нәтижесінде сәбиге төнуі мүмкін ауыр қауіптің алдын алуға мүмкіндік туды.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта жаңа туған қыз бала дәрігерлердің бақылауында, оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

Тергеу амалдары жалғасуда. Оқиғаның барлық мән-жайы мұқият тексеріліп, заңға сәйкес тиісті шешім қабылданады.

Полиция өкілдері адам саудасының кез келген түріне, әсіресе балаларға қатысты қылмыстарға қатаң тосқауыл қойылатынын ерекше атап өтті.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер