Азамат Сатыбалды некесіз қызы бар деп ойлағандарға жауап берді — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Басшылық қызметте еңбек етіп жүрген Азамат Сатыбалды Stan.kz тілшісіне экслюзивті сұхбат беріп, біраз сыр ашты. 

Азамат Сатыбалды заңсыз қызы бар деп сынағандарға жауап берді

Кәсіби актер бірнеше кеменің басын ұстаған жұлдызды әріптестеріне наразы. Әсіресе, арзанқол фильмдер түсіруге әуес әншілер туралы айтар ойы бөлек.

«Әрине, отандық фильмдер көбейген сайын бәсеке де, сапа да артады. Алайда, бізде жарыққа шығып жатқан кинокартиналардың бәрі бірсарынды болып барады. Әсіресе, әншілердің, жас актерлердің продюсер болып түсіріп жүрген туындылары қазан-ошақтың басынан аспайтын жеңіл комедиялар. Мен сол себепті көп тұсаукесерлерге келмеймін. Бәрінің деңгейінің, тақырыбының бір екенін іштей сезіп, уақытымды өлтіргім келмейді», — деп ағынан жарылған актер осыдан бірнеше жыл бұрын «Бір сен үшін…» атты авторлық кинокартинасын көрерменге ұсынған еді. 

«Иә, ол фильм жарыққа шықты. Бірақ, біздің қоғам, халық әлі ондай үлкен ой салатын, салмақты, драмалық жанрдағы фильмдерді қабылдауға дайын емес екендігін байқадым. Сол туындымен жұмыс барысында тағы бір қоғамдық дерт туралы фильм түсіру ойда болған. Алайда, көрсетілімнің нәтижесінен соң ол ойымнан айныдым. Мүмкін қоғамдағы қиындықтардан кейін кинотеатрға халық тек күлу үшін келетін болған шығар. Сондықтан, мен де комедиялық жанрда фильм түсіруге дайындалып жүрмін. Іске кіріскенде өзіңізден сүйінші сұраймын», — дейді Азамат Сатыбалды.

Сұхбат беруге сирек келісетін актер жеке өміріне қатысты сұрақтарға мүлдем жауап бергісі келмейтінін де жасырмады. Алайда, әлеуметтік желіні шулатқан «заңсыз қызы» туралы шындықтың бетін ашты.

«Құдай сақтасын, ешқандай да екінші отбасым жоқ. Соншалықты резонанс тудыратын сурет деп ойламадым. Біз бірнеше отбасылық достарымызбен бірге қала сыртына демалуға бардық. Сол жерде Дария қызыммен суретке түсіп, инстаграм парақшама шын ниетіммен салдым. Дария —  біздің кіндік қызымыз. Менің ұлымнан өзге заңсыз балаларым жоқ», — деп өсекке айналған әңгіменің нүктесін актердің өзі қойды. 

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

stan.kz