Ақбота Керімбекова марқұм композитор Арман Дүйсенов жайлы естелігін бөлісті

0

Әнші Ақбота Керімбекова марқұм композитор Арман Дүйсеновті еске алды. Әнші сыныптасы жайлы естелігін «Хабар» арнасының «Оян» бағдарламасында бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Мен Жұбанов мектебінде 5 сыныпқа дейін оқыдым. Кейін басқа мектепке ауыстым. 2002-2003 жылдары Арман Түркістаннан Алматыға келді. Сол кезде Ұлықпан ағаның студиясында жиналатынбыз. Досымжан, Саят, «Музарт» барлығымыздың енді танылып жатқан кезді. Барлығымыз күнделікті студияда кездесеміз. Сазгерлер жиналып, ән қараймыз. Сол кезден бастап Арманның әндерін орындап бастадым. Кейін концерт беретін кезде, «Арман ән бар ма? Осындай ән керек еді» деп хабарласамын Желтоқсан айындағы концертімде де іздедім. Телефоны өшірулі болды.

Бірақ, жаман нәрсе ойламайсың ғой. Қазақта өлгеннен кейін бағалап жатамыз ғой. Тірі кезінде де Арман бізге арман болды, Алла куә. Өзі адамның сыйы, құрметі білінеді ғой. Аты өшпейді. Ылғи да күлімдеп, бір қабағы түйілгенін көрмегенмін. Жатқан жері жайлы болсын», — деді Ақбота Керімбекова. Естеріңізге сала кетейік, ,бірнеше күн бұрын танымал композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті.