Әлия Назарбаеваның қайын атасы өмірден озды

0

БАҚ-та тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құдасы, кәсіпкер Ғабит Досановтың қайтыс болғаны жөнінде ақпарат шықты, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Қаралы хабарды көпшілікке оның ағасы, жазушы Сәбит Досанов Қазақ үні басылымында естірткен. Жазушының сөзінше, Ғабит Досанов кеше, 10 тамызда 62 жасында Алакөлде демалыс кезінде көз жұмған. «Сәрсенбінің бәрі сәтті емес. Оныншы тамыз сәрсенбінің кешінде сананы сансыратып, жүректі қансыратып қаралы, қайғылы хабар жетті: Алакөлге демалысқа барған Ғабитім пәниден бақиға аттанып кетіпті. Жүрегімнің бөлшегі, бақытымның өлшемі еді, жан бауырым Ғабитім. Азамат еді аяулы, жақынынан білмейтін жан аяуды. Аспандағы ай мен күндей айналасына үнсіз сәуле шашатын, қиындық келсе жасымайтын, қуаныш келсе тасымайтын сабырлы сырбаз еді, төресі еді жігіттің. 62 жасында атар таңы сөнді, татар дәмі таусылды. Тас кедергі, тасмаңдай тағдыр сексеннен жасым асқанда, денсаулық сыр берген шақта қанды қанжарын қадады жүрекке. Саңсырап, қансырап отырмын, жасқа толы жанарым түк көрмейтін соқырмын», — деп жазды ол.

Айта кетейік, Ғабит Досановтың ұлы «ҚазТрансОйл» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Димаш Досанов — Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаеваның күйеуі.