Қытайда 1110 миллиардер бар: әлемдік байлықтың шоғырлануы Азияға ойысты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

СҚО-да ұлы қарт әкесін ұрған сәтір видеоға түсірген

СҚО-да ұлы қарт әкесін ұрған сәтір видеоға түсірген
Фото: smartnews.kz

Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданындағы Бірлік ауылында түсірілген видео әлеуметтік желілерде кең тарап, қоғамның наразылығын тудырды. Бейнежазбада жас жігіттің қарт әкесіне балағат сөздер айтып, күш көрсеткені көрінеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Желіде жарияланған кадрлардан кейін құқық қорғау органдары дереу тексеру жұмыстарын бастап, оқиғаға қатысы бар адамның жеке басын анықтады. Белгілі болғандай, видеодағы азамат жәбірленушінің 22 жастағы ұлы болып шыққан.

Тексеру барысында зейнеткердің сот-медициналық сараптамадан өтуден және өз ұлына қатысты арыз жазудан бас тартқаны анықталды. Соған қарамастан, полиция бұл деректі назардан тыс қалдырмай, заң аясында тиісті шаралар қабылдаған.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті ақпараттық саясат басқармасының басшысы Сән Жұмағазинаның айтуынша, жиналған материалдар сотқа жолданып, нәтижесінде ауыл тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сот шешімімен 22 жастағы азамат кінәлі деп танылып, оған бес тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Полиция өкілдері тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері жәбірленуші тарапынан арыз түспеген жағдайда да міндетті түрде тексерілетінін атап өтті. Ведомство мұндай әрекеттерге заң аясында құқықтық баға беріліп, тиісті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.